ШӘЙНЕК ІШІНДЕГІ ҚАҚТЫ ҚАЛАЙША ТҰРМЫСТЫҚ ХИМИЯСЫЗ 5 МИНУТ ІШІНДЕ КЕТІРУГЕ БОЛАДЫ?
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Пайдалы кеңестер
12/09/2022
38 Views
Уақыт өте келе кез-келген шәйнектің ішкі бетінде қақтардың пайда болатыны анық. Біз сізге шәйнегіңізді осы қақтан қалай тұрмыстық химияны пайдаланбай-ақ әрі тез тазалауға болатындығын айтамыз.
Сонымен осы қақтарды қалай тез құртуға болады?
Шәйнекті сумен толтырыңыз да суды қайнау дәрежесіне дейін жеткізіңіз, лимон қышқылының сөмкешесін құйып, жақсылап араластырыңыз.
Шәйнегіңіз плитаға арналған болса, онда суды лимонмен шамамен бес минуттай уақыт қайнатыңыз.
Ал егер шәйнегіңіз электрлік болса, онда оны өшіргеннен кейін шамалы уақыт күтіңіз, содан кейін тағы екі рет қайнатыңыз. Содан кейін лимонды суды төгіп тастап, шәйнегіңізді жақсылап жуыңыз.
Ұлжан СӘБИТҚЫЗЫ.
Лимон Үй бикелеріне пайдалы кеңес Шәйнекті тазалау жолдары 2022-09-12