Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 102,1 % БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 102,1 % БОЛДЫ

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 102,1 % БОЛДЫ

Аудан экономикасы:
            Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2022 жылдың қаңтар-шілдесінде  кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 6128743 млн. Теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  81,3 % құрады.
           Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-шілдесінде  Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 11366,7 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 99,7 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 2414,5 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 8945,5 млн. теңгені құрады.
           Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 1786,7  млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 105,9 %,  бөлшек сауда тауар айналымы 2704,5 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  102,1  % болды.
            Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,1 мың адамды құрады.
2022 жылғы  екінші  тоқсанына  қызметкерлерге есептелген орташа  айлық атаулы жалақы 248056 теңгені құрап, бұл 2021 жылғы екінші тоқсанына қарағанда
122,2 % құрады.
        Демографиялық процестер. 2022 жылдың 1 шілде  Мақтаарал ауданындағы халық саны 135536  мың адам, халықтың табиғи өсімі 1433  адам, туу- 1702  адам,  қайтыс болғандар  269  адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 320  отбасы,  ажырасқандар-23. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер 2316 адам, кеткендер- 2552 адам.
         Тұрмыс деңгейі. 2022 жылғы қаңтар-шілдеге Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2022 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда  100,0 % болып  және  40047 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ, 
Мақтаарал ауданының Статистика басқарма басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...