Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ

«Мақтаарал» мәдениет үйінде аудандық Ішкі саясат бөлімінің ұймдастыруымен «Зайырлылық және дінтану» тақырыбында, ауданымыздың мектептеріндегі «Дінтану» пәні мұғалімдеріне арналған жиын болып өтті.
Бұл жиынды аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы ашып, жүргізіп отырды. Алғысөзінде А.Ешанқұлова еліміздегі «Қаңтар оқиғасы» кезінде біздің ауданымызда наразылық білдіргендер тек әлеуметтік талаптар қойып, бәрі де бейбіт түрде өткенмен, еліміздің кейбір өңірлерінде жағдайдың өте күрделі болғанын, сол жерде көбінесе жат діни ағым ұстанушылардың көзге түскенін айтып өтті. Қазірде аудан көлемінде діни тұрақтылықты сақтау мен радикализм және діни экстремизмді болдырмауға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға қысқасы тоқталып кетті.
Түркістан облысы әкімдігінен келген теолог-маман Бағдат Шәймерден баяндамасын зайырлылық мен діни мемлекеттің айырмашылығын түсіндіріп берді. Бүгінде облыс бойынша 756 мешіт, 33 православия және католик шіркеуі мен 100-ге тарта намазхана барын, еліміздегі діни ұйымдар өз қызметін бірінші кезекте Ата Заң баптарына және 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңын басшылыққа алатынын атап көрсетті.
Б.Шәймерден баяндамасында сонымен бірге елімізде қазіргі уақытта салафиттік ағым ең өзекті бағыт болып отырғанын, оның басқа ағымдардан айырмашылығы, сол бағытты ұстанатындарды қалай ажыратуға болатынын, олардың кім кию үлгілеріне дейін тәптіштеп түсіндірді.
Одан кейін трибунаға сөзге шыққан «дінтану» пәнінің мұғалімі Бауыржан Акбаров пен басқа да үстаздар өз баяндамаларында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен проблемалар туралы баяндады.

Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...