Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖҮРЕГІ ЖЫР ДЕП СОҚҚҚАН ЖУРНАЛИСТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әдебиет » ЖҮРЕГІ ЖЫР ДЕП СОҚҚҚАН ЖУРНАЛИСТ

ЖҮРЕГІ ЖЫР ДЕП СОҚҚҚАН ЖУРНАЛИСТ

          Нұрғиса Төремұратов 1975 жылы дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Түркістан облысы, Сайрам аудандық «Мәртөбе» газетінің редакторы. Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
        2004 жылы ОҚО «Үш бәйтерек» мүшәйрасының бас жүлдегері. 2006 жылы Арал қаласында өткен республикалық мүшәйраның 2-орын жүлдегері, 2012 жылы Астанадағы және ұлт мақтанышы Д. Қонаевтың 100 жылдығына арналған Қызылордадағы, Түркістандағы С. Ерубаев мүшәйраларының жүлдегері. 2007 жылы Баянауылда өткен жас қаламгерлердің республикалық I форумының делегаты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарық көрген ОҚО ақын-жазушыларының туындылары топтастырылған «Тәуелсіздік тебіреністері» жинағына өлеңдері енген. «Самала» (Шымкент-2007), «Көңіл көкжиегі» (Алматы-2013) атты өлеңдер жинағы бар. Өзбекстан жазушысы Миркарим Осимнің «Томирис», Машрап туралы, Увайсий ақын туралы хикаяларын, өзбек халқы лапарларін қазақшаға аударған.
        «Жаңарған Сайрам», » Сайрам ауданының үздік жастары» кітаптарына редакторлық еткен.
          Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж. Түймебаевтың Алғыс хаттарымен, Түркістан облыстық мәслихатының Грамотасымен,
» Сайрам ауданына 90 жыл», «М. Шолохов» атындағы қоғамдық ұйымның медальдерімен марапатталған. 2021 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Албырт шағым өзіңде екен көрмей өскен қайтарым,
Нағыз қазақ қызы екенсің болмысыңнан байқадым.
Айналайын, күн дидарлы, қарлығашым көктемгі,
Риясыз көңіліңді кір шалмасын — айтарым.
Сенде қазір махаббат бар, жылылық пен жалын бар,
Бақ жұлдызын сыйлар анық көгіңдегі ағымдар.
Мендік тілек ақтарылсын мөлдір тұнған көзіңе,
Ағасының айтқан сөзін қабылдар.
Ұлылардың ұлағаты ұлан асу арманда,
серік болсын от жүрегің болашақ деп жанғанда.
Арайлы сəт аймаласып, шуағыңмен шомылсын,
Жарық шашып бар маңға.
Нəркес көзің əр күн сайын тек шаттықпен жайнасын,
(Сұлу болмау – Айға сын).
Əсемдікпен өрнектеліп жолың əркез құлпырсын,
Бітіміңді ұлт намысы,
қазақ ары қайрасын.
Көркем ойлар, шұғыла жыр сəулеленсін сөзіңде,
Ғашықтықтың ғаламаты жетелесін сезімге.
Жігіт сені қадірлесін маржан лебіз сыйлаған,
Бағалай біл, өзің де.
* * *
Асылға құрыды ындыным,
Келгендей қырсық сәт өңмендей.
Сүреңсіз саябақ сындымын,
Немесе ол мендей.
Мезеті марғаулық басты алға,
Сол сәтте керенау қозғалам.
Ұқсаймын түнерген аспанға
Немесе ол маған.
Құмартар сағыныш етті де,
Еншіме ен болып көнбеді.
Құс көңіл ондағы кетті ме,
Яки мендегі.
***
Тынысын тауып көңілдің,
Қанатын байлап сенімнің,
Сәтінде әрбір ғұмырдың,
Жадырап жиі жүргейсің.
Сезініп Рахым шапағын,
Көбейіп әркез қатарың,
Үмітке толып сапарың,
Өмірдің мәнін білгейсің.
Тербетіп сезім,балғын ән,
Суырып алып бар мұңнан,
Ханзадаң шығып алдыңнан,
Бақытты етсін өзіңді.
Батасын алып жалпының,
Арманды ұста,жарқыным,
Сұлуы қазақ халқының,
Күлкіге көмші көзіңді…
***
Жүрек дейсің, жүрекке не жүреді,
Сағынышқа ол байғұс егіледі.
Сезімменен екеуі қосылғанда
Жындандырып жіберер тегі мені.
Себеп болар сол нәрсе торығуға,
Түсіндіре алмас миым да оны мына.
Жүректегі сендегі көптен бері
Үңілумен келемін соғуына.
Жә, жарайды, көңілді жақындатып,
От жүректі көрейік лапылдатып.
Шығайықшы уайымның шеңберінен,
Күтіп бізді тұрмайды ақыр уақыт.
Жүрек дейсің, жүрекке не жүреді,
Ол байғұсым бір жылап, бір күледі.
Ұйықтап кеткен іңкәрлік көз ашқанда
Шаттық сезіп кенеттен сілкінеді.
… Сонда ғана екен ғой шын тілегі.
ТҮРКІСТАН
Тек теңдіктен танбадым,
Тарам-тарам тағдырым.
Тектіліктің талғамы –
Түркістаным – тамырым.
Тоқыраман, түңілмен,
Тәбәрігім – табылғаным.
Тебіреніп түнімен
Түркістанға таңырқадым.
Таңғажайып түр, тұлғасы,
Тарландардың тұрағы.
Төмендемес Ту, Таңбасы
Түркілердің тұмары.
Түбі табам танытуды,
Тарихың тұр-тағылым.
Тәуелсіздік таңы туды,
Тәубе, Тәубе, Тәңірім!
Түркістан!..
ЖІГІТ БОЛСАҢ …
Көңіліңде тұлпар қиял жортады, ə,
Назар салдың қылымсыған қалқаға.
Жігіт болсаң ептілігің көрінсін,
Жігіт болсаң жалындағын ортада.
Бой алдырмай марғау мезет-қалыпқа,
Ұмтыл бауыр, жақсылыққа, Жарыққа.
Жігіт болсаң дəлелдегін, қанеки,
Жеті өнерді аз деп білген халыққа.
Ұмытылсын қиын өмір сарсаңы,
Өнерліде несібе бар қаншалы.
Жігіт болсаң сүйсіндіргін сұлуды,
Жігіт болсаң қуанта біл баршаны.
Жүрегіңде қайсарлығың шайқалсын,
Ессіз жанға елім анық айтар сын.
Жігіт болсаң шыңға бітсін достығың,
Жігіт болсаң қазақтығың байқалсын!
* * *
Қапасқа қамалып,
Ізгілік кертілді.
Ернеуі қабарып,
Кеудеме шер тұнды.
Пасықтық пайдамен
Күн көрді сан кісі.
Келеді айламен,
Иектеп алғысы.
Жаманның тілегі
Өртейді өзекті.
Амалмен жүреді,
Ұмытып жүректі.
Жалған-ай, мазағың,
Не деген көп еді?
Алаяқ озады,
Адалдық өледі.
Азайып күн игі
Таусылды амал да.
Жымысқы көбейді,
Қабынған қоғамда.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...