Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

         2016 жылы 30 желтоқсанда «Пробация туралы» ҚР Заңы қабылданды, ол қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру сияқты, қылмыстық сот төрелігінің осындай сегментіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесін қалыптастыруға негіз болды.
         Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тараптардан құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстардың алдын алу мақсатында Шымкент қалалық №1 Еңбекші аудандық пробция қызметі есебінде тұрған сотталғандармен Шымкент қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылған. Сотталғандарға пробация қызметінің жұмысы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, құқық қорғау органдарымен,  халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау қызметімен, қоғамдық бірлестіктермен өзара тығыз іс-қимыл құрылатыны түсіндірілді.
         Пробация қызметі тек бірінші соттылығы бар жеңіл қылмыстар үшін сотталған адамдарға ғана емес, сонай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған азаматтарға да бақылау жасайды.
        Қазіргі таңда Шымкент қалалық №1 Пробация қызметі бөлімі есебінде 320 сотталған азамат есепте тұрады. Әрқайсысына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы жасалынып, алдағы уақытта әкімшілік пен қылмыстық құқық бұзушылыққа бармау туралы профилактикалық сұқбаттар жүргізіледі. Сотталғандарға психолог мамандарды тарта отырып психологиялық көмек көрсетіледі.
       Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі сотталғандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді.  Қала әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №193 қаулысына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Осы квотаға сәйкес №1 Еңбекші аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 18 сотталған азамат «Шымкент Май» ЖШС-не, «Балтекстиль» ЖШС-не, «Стандарт цемент» ЖШС-не, «Назар текстиль»  ЖШС-не  және «Оңтүстік Жарық» ЖШС-не жұмысқа орналастырылды. Осы іс-шараның барлығы пробациялық есепте тұратындардың жаңа құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасамаулары үшін жүргізіліп жатыр.
Ш.АХМЕДОВ,
Шымкент қалалық №1 пробация қызметі бөлімі инспекторы,
 әділет аға лейтенанты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...