Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
DIGITAL BRIDGE 2022: РОСТИСЛАВ КОНЯШКИН «БАЛА ТУУ» ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫН ЖӘНЕ «ЦИФРЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР» СЕРВИСІН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА ТАНЫСТЫРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » DIGITAL BRIDGE 2022: РОСТИСЛАВ КОНЯШКИН «БАЛА ТУУ» ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫН ЖӘНЕ «ЦИФРЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР» СЕРВИСІН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА ТАНЫСТЫРДЫ

DIGITAL BRIDGE 2022: РОСТИСЛАВ КОНЯШКИН «БАЛА ТУУ» ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫН ЖӘНЕ «ЦИФРЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР» СЕРВИСІН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА ТАНЫСТЫРДЫ

          28-29 қыркүйекте Елордада жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді. Биылғы форумның тақырыбы – «Central Eurasia as a new tech platform» – «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде».
          Мемлекет басшысына «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин Digital Bridge форумында «Бала туу» проактивті қызметі мен «Цифрлық мәліметтер» сервисін таныстырды. Енді проактивті қызметтің барлық хабарламалары SMS арқылы да, PUSH-хабарлама арқылы да келетін болады. eGov Mobile мобильді қосымшасында хабарламаларға жауап беру енді бұрынғыдан ыңғайлырақ болады.
          Сонымен қатар, пилоттық нұсқада eGov Mobile мобильдік қосымшасының көмегімен «Цифрлық мәліметтермен» алмасу мүмкіндігі көрсетілді. Сервис мәліметтер мен анықтамалармен алмасудың ыңғайлылығын арттыру мақсатында әзірленді. Мысалы, пайдаланушы қажетті құжаттар пакетін пайдалана алады, ал жұмыс беруші қызметкердің мәліметтер мен деректер жиынтығын электронды түрінде қосымша арқылы сұрата алады. Жаңарту 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр.
         Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының бюрократиядан арылту туралы жарлығына сәйкес қағаз түріндегі бірқатар анықтамалар алынып тасталып, мәліметтер түрінде ұсынылатын болды.
          «Цифрлық мәліметтер» сервисінің көмегімен азаматтар анықтамалармен ыңғайлы тәсілмен бөлісе алады, ал ұйымдар оларды сұрата алады. Қызметті пайдалану үшін авторизациядан өтіп, бірнеше қарапайым қадамдарды орындау жеткілікті. 18 анықтама мен мәліметтерді бөлісуге, басқа пайдаланушылардың сауалдарын қарауға және үшінші тұлғаларға анықтама сұратуға болады, мұның бәрін eGov Mobile көмегімен жасауға болады. Бұрын пайдаланушылар анықтамаларды бөлек сұратып, талап ету орны бойынша қағаз түрінде ұсынған. Аталған жаңарту қызмет алуды айтарлықтай жеңілдетеді, күту уақытын қысқартады», – деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.
           Сондай-ақ, форумда eGov Mobile-да қол қоюдың жаңа әдістері ұсынылды: QR-код, PUSH хабарламалар мен гиперсілтемелер арқылы. Қол қоюдың жаңа әдістермен басқа қосымшаларда бөлісуге және SMS түрінде жіберуге болады.  Қол қоюдың бұл әдісі «Отбасы банк» жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға арналған өтінімдерге қол қоюда, сондай-ақ Жоғарғы соттың жеке кабинетінде авторизациядан өтуге және талаптар мен арыздарға қол қою үшін қолданылады. Бұл интерфейс тек мемлекеттік жүйелер үшін ғана емес, сонымен қатар Open Api арқылы жұмыс жасайтын кез-келген сайт пен қосымша үшін жасалғанын атап өткен жөн.
          Естеріңізге сала кетейік, eGov Mobile-да шамамен 500 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді, оның ішінде eGov.kz порталының 212 қызметі, e-license порталының жеке тұлғаларға арналған 250 қызметі бар. Қосымшада заңды күші бар 19 цифрлық құжат қолжетімді. Ай сайын қосымшаны шамамен 2,5 млн. қазақстандық белсенді пайдаланады және шамамен 1 млн. мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Форумның ұйымдастырушылары ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі.
  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
          Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады
       Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласыңыз:
Динара Мажитова,
+7 775 270 03 48, dinara.mazhitova@nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...