Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

      1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі Мақтаарал ауданында кең көлемде атап өтілуде.

Ең алдымен, «Тәжі» мейрамханасында аудан әкімі Бақыт Асановтың ақ дастарханы жайылып, қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, «Мақтаарал» мәдениет үйінде мерекеге арналған салтанатты кеш өтті.

Қарттар күніне байланысты аудан басшысының тікелей тапсырмасымен аудан аумағындағы барша кенттер мен округтерде де түрлі қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Мәселен, А.Қалыбеков ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен бір топ қариялар облысымыздың киелі жерлеріне саяхат жасады. Сондай-ақ, Атакент кенті және Еңбекші ауылдық округі әкімдіктерінің ұйымдастыруымен жасы жүзден асқан қарттарға арнайы себет дайындалып, сыйлық жасалды.

Мырзакент кенті мен Жамбыл ауылдық округтері әкімдіктері қарияларға арнап дастархан жайып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мақтаарал ауылдық округінің әкімі Е.Тұрғанбаев жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, азық-түлік жағынан көмек көрсетті.

Айта кетейік, мұндай қайырымдылық іс-шаралары барлық кенттер мен окрутерде жалғасын табуда.  

Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...