ҚЫЗ МАХАББАТЫ – МӨЛДІР МАХАББАТ
Posted by: Қалмұрат
in Әдебиет, Руханият
05/10/2022
10 Views
Мамыр айының соңғы күндері. Оқу жылы аяқталатын кезде мұғалімдердің жүйкесі тозып, шаршайтын уақыты. Мақсат та мектептен шаршап келіп енді демалайын деп жатқан.Сол уақыт әйелі саған институттан бір шақыру қағазы келіпті, міне,-деп қолына ұстатты. Ия шақыру қағазы. Институттың құрылғанына 70 жылдық мерей тойына шақырыпты. Мақсат оқып шығып қуанды. Ойпырмай деді сосын, уақыттың өтіп жатқанын қарашы. Институтты бітіргеніме 40 жыл, оқуға түскеніме 45 жыл болыпты. Жасымызда 62, 63-ке келді. Тек көңіліміз жас-ау деді.
Мақсат иниститутты жақсы оқыды. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Бос уақыттарында спортпен айналысып, ер балалар алдында абыройлы болды. Студенттік алтын дәуірлерін еске түсіре бастады. Ия ол кезде студенттер сабақты жақсы оқитын, ізденетін, кітапханалардан шықпайтын. Әсіресе 1-3 курстарда сабақтан қалмайтын. Қыдыру, серуендеу, той-томалақтарға бару өте сирек болатын. Барлық студенттер қарапайым киінетін. Бірін-бірі күндеу, руға бөліну, жерлестік деген сөздер болмайтын. Қандай тамаша күндер десеңші, бір кісінің балаларындай бір-біріне мейірімді еді.
Мақсат студенттік өмірінде есте қаларлық күндер 3-ші курсті бітірген кезде болды. Институт ректоры барлық 1-3 курс студенттерін жинап, Бөген ауданы (қазіргі Ордабасы) Спатаев атындағы савхозға мақтаның арамшөптерін шабуға 10-күнге баратындарын хабарлады. Совхозда 4 ірі бөлімше бар екен. Мақсат математика факультетінде оқитын. Қазақ тілі, әдебиет факультетінің студенттерімен бірге совхоздың 3-ші бөлімшесіне келіп жайғасты. Шамасы 250-ден астам студенттер арнайы жатақханада жатты. Бірге жатып, бір жерде тамақтанды. Таңертең 8-ден түскі 12-ге дейін түс ауа 16-дан, 19-ға дейін жұмыс. Әр студентке күніне 4-6 жүйек норма беріледі. Ұзындығы бір шақырымдай келетін жердің шөбін шабасың.
Бір күні ол курстас досы Арманмен өздеріне берілген жерді бөліп, сағат 11-лер шамасында қайтып келе жатқан. Олар жолда артта қалып шабық шауып жатқан екі студент қызды байқап, Мақсат Арманға анау қыздарға көмектесейік деді.Арман шаршағанын алға тартып қиналды. Онда кете бер, мен өзім мына қыздың алдынан шығамын –деді Мақсат. Арман кетіп қалды. Мақсат өзі айтқан қыздың алдынан шықты. Сәлем қыздар деп амандасты Мақсат. Қай курста оқитындарын сұрады. Олар қазақ тілі, әдебиеті факультетінде 2 курста оқиды екен. Бірінің аты Фатима, құрбысының аты Гүлмира екен. Бұлар үшеулеп қыздардың жүйегін бітірді. Жұмыстан бірге қайтты. Екеуі де Шымкент қаласында тұрады, екеуі де қаладағы М.Әуезов атындағы орта мектептің түлектері екен. Қыздар мұнан да сұрады. Мақсат өзінің Жетісай ауданының бір ауылында тұратынын айтты. Ауылымыздың негізгі шаруашылығы мақта. Мақта шабу, теру жұмыстарын біз мектепте жүргенде атқарамыз деді Мақсат. Мұны естіген Фатима қалада тұрғаныма шүкір. Әйтпесе мынау бір азап қой деді, Гүлмира оны тиып тастады. Мақсат Гүлмираның адамгершілігіне тәнті болды.Ұзын бойлы, сымбатты, көрікті, жүзі шырайлы Гүлмира Мақсатқа бірден ұнады.Күнде кешке би болады.Бүгін кешкі жүргізуші қуақы жігіт қазір қызар өздерінің ұнатқан жігіттерін шақырады деп хабарлады. Әр жер-әр жерде екі-үштен билегені болмаса, жалпы жұрт ортаға шыға қойған жоқ. Осы кезде Мақсаттың жанына Гүлмира келіп мұны биге шақырды. Би аяқталғанша екеуі бірге биледі. Өзін бақытты сезінген Мақсаттың қуанышында шек болмады.
Әні-міне дегенше 10 күн де өте шықты. Соңғы күні кеш бата Мақсат пен Гүлмира ағаш түбінде ұзақ әңгімелесті. Мақсат өзінің отбасында үлкені екенің, әкесі мақта бригадирі, анасы шаруа, үш қарындасының бар екенің айтты. Барлығы жанұяда 6 жан еді. Гүлмира отбасында 3 ұл ,2 қыз екен. Әпкесі мәдени ағарту институтында мұғалім. Әкесі көп жылдар ішкі істер органында істепті. Түркістан қаласының іскі істер бөлімінде басқарыпты. Өте қатал кісі екен. Анасы үй бикесі. Әпкем мен анам қазір Түркістанда тұрады деді.Осы таныстық екеуінің достығына ұласты.
Жазғы демалыста бітіп, оқу басталды. Оқуға келгенде білді группасындағы 15 жігіттің 10-ы үйленіп те қойыпты. Жаздың бір тамаша күнінде Мақсат Гүлмираға қаланың тамаша жерлерін аралап, кинотеатрда үнді киносын тамашалайық деген ұсыныс айтты. Осылайша олар біраз жерлерді тамашалады, кино көріп, балмұздақ жеді.
Түнде Мақсат Гүлмираны үйіне шығарып салды. Қуанышпен жатақханаға оралған Мақсат күні бойы оқиғаны есіне түсіріп түнімен ұйқтай алмай шықты. Ертесіне Гүлмираны іздеп оқуына барды. Кеше ағасы сыртынан көрген екен, үйіне барғанда әбден ұрсыпты. Әпкең 28 де, екі ағаң тұрғанда мұның не деп. Біздің мақсат оқу гой сондықтан әзірге тек оқуды ғана ойлайық деген Гүлмира көзіне жас ала кетіп қалды. Осылайша кезекті оқу жылы да аяқталып, Мақсат 4-ші курсқа өтті, Гүлмира 2-курсты бітірді.
Бір күні Мақсатты әкесі шақырып алды. Сен баланың жүрісің көбейіп кетті. Үйлендірмесем болмас.Оның үстіне ұлымсың. Соғыста жүргенде майдандас болған досым Ардақпен осыдан ауылға аман-есен қайтсақ құда боламын дегенмін.Құдайға шүкір аман келдік. Жақында сол досым маған қызының медучилищені бітіріп келгенін айтты. Қамыңды жаса, бір күні қыз кетіп қалса маған өкпелеме деді-әкесі.
– Әке ол өзімнің қарындасымдай болып кеткен. Оның үстіне бір жыл оқуым бар,- деп, Мақсат басын ала қашты. Жақсы көретін қызының барында айтып қалды. Әкесі Тілеуберген ашуға басты. Ол кімнің қызы, әке-шешесі кім, қайда тұрады деп сұраққа алды. Мақсат бәрінде айтты.
Балам не деп тұрсың деді әкесі. Ол қаланың қызы, оның үстіне әлі 2 жыл оқуы бар. Бізбен бірге ауылда тұрады ма, тұрмай ма, болмайды деді. Мақсат та орнынан тұрып шығып кетті де қалды. Баласының қайтпайтының сезген әкесі баласын шақырып алып былай деді
-Балам қызыңа бар.Үйдің үлкені екеніңді айт. Ол бізбен бірге ауылда тұратының да жеткіз. Жауабын бір аптада айтасың,-деді.
Мақсат қуана Шымкентке тартып кетті. Келсе Гүлмира Түркістанға кетіп қалыпты. Үйінде қалған сіңлісі Бақтыгүл әңгімелесті. Барлық оқиғаны баяндап, қайткен күндеде Гүлмирамен кездесу керектігін айтты. Сіңлісі телефонмен хабарласатын болып келісті. Бір кезде Бактыгүл Гүлмирамен әкесінің бері қарай жолға шыққанын айтты. Кешке барлық жағдайды айтамын деп уәде берді.
-Сіз әпкемді «Победа» саябағының алдында күтіңіз деді.Мақсат институтына барып ағай-апайларымен кездесті.Уақыт шіркін өтер емес.Сағат кешкі 18-ден асқанда паркке құстай ұшты.Бір кезде Гүлмирамен сіңлісіде келді. Мақсат оларға балмұздақ әкелді.Бақтыгүл қазір келемін деп кетіп қалдыда Мақсат пен Гүлмира екеуі қалды.Мақсат әңгіменің неден бастарын білмей біраз отырды. Кейін әкесімен екеуінің арасындағы болған әңгімеші толық айтып берді.
-Гүлмира, мені шын сүйсең жүр, қол ұстасып кетейік, егер кұда түссің десе құда түсеміз, алдарынан өтеміз,-деді.
Гүлмирада Мақсатқа сүйетінін айтты. Бырақ шын ұнатсаң 2 жыл күт деді. Бірақ бұл бұлардың соңғы кездесуі еді. Мақсат ауылынам келіп бәрінде әкесіне айтты. Әкесі ертесіне досының үйіне айттырушы жіберді.Бір аптаның ішінде дүрілдеп тойда өтті. Мақсаттың алған әйелі де бір үйдің ерке көрікті, қызы болатын. Осылай жүргенде қыркүйек айы да келіп Мақсат оқуына кетті. Әйелі Әйгерім ауылға медбике болып жұмысқа орналасты. Мақсаттың үйленгенін ақыры Гүлмира да естіді. Мұны естіген Гүлмира екі-үш күн сабаққа да келмей, үйінде де тамақ жемей жатып алыпты. Мұны жігітке сіңлісі Бақтыгүл айтты.Тойга группаластарымен Гүлмирада келді. Гүлмира екеуіне бақыт тілеп, гүл шоқтарын ұсынып тұрғанда көзінен моншақ, моншақ жас ағып жатты.
Мақсат оқуын аяқтап ауылында математика пәнінен сабақ бере бастады. Арада 3 жыл өткенде Мақсатты Шымкентке білімін жетілдіру курсына жіберді. Қалаға келген соң ол Гүлмираның үйіне барды. Есікті орта жасар әйел ашып, «Кімсің, кімге келдің, шырағым»-деді.
Мен Гүлмирамен институтта бірге оқыған едім. Жағдайын білуге келіп едім деді,- Мақсат.
Онда отыра тұр. Қазір қызымда келіп қалады.Ол институтта мұғалім болып қызмет етіп жатыр.Тұрмысқа да шыққан жоқ. Кезінде Жетісай жақтан бір жігітті ұнатқан екен. Аға, апкесіне қарап сол жігітке тұрмысқа шықпағанына әлі өкінеді. Гулям момын, ақылды еді. Кейде айтсам мені көптік етсеңдер жеке квартираға шығамын деп ашуланады.Ұнатқан жігіті бүгінде бала-шағалы болып кетіпті,-деді. Өзің бір келісті жігіт екенсің дей отырып, Мақсаттан үйленген-үйленбегенін сүрады. Осы кезде ғана Мақсат, «Апа Гүлмираның жақсы қөрген жігіті мен едім»,- деп салды. Отыра тұр дегеніне қарамай Гүлмиранын алдында сөзінде тұра алмағанына өкінген Мақсат кетіп қалды.
Институттағы кездесуге барған Мақсат арада 42 жыл өткенде Гүлмирамен кездесті. Жағдайы жақсы екен, тұрмысқа шығыпты, 1 ұл,1қызы бар екен. Келін алып қыз ұзатыпты. Ұлының атын Мақсат, ал қызынын атын махаббаттарына арнап Махаббат қойыпты.
Мақсат мен сені шын жүрегіммен жақсы көрген едім.Ұзақ уақыт ұмыта алмадым. Кейін ағамның досына тұрмысқа шықтым. Ол да милиция қызметкері еді. Осыдан 5 жыл бұрын жол апатынан қайтыс болды. Биыл 58 жасымда зейнеткерлікке шықпақпын, қазір ғылым докторымын. Бірақ институттың мені жібергісі жоқ,- деді. Мақсат та бір мекемеде 40 жылдан бері қызмет етіп келе жатқанын, 3 ұл, 2-қызы бар екенін, әйелінін зейнеткерлікке шыққанын айтты.
– Мақсат хабарласып тұрғанында сенің ұлыңа кызымды берер едім, болмаса қызыңды келін қылып алар едім. Сөйтіп кезінде өзім қанша ұнатқанмен тұрмысқа шыға алмаған жанмен құда болар едім. Ал өзімнің болса жолым қысқа гой, қалай хабарласайын.Ұлыма сенің атыңды, қызыма саған деген махаббатымды қойдым,-деді Гүлмира.
Иә, шын сүйгендер қосылмайды дейді. Гүлмирадан кешірім сұрағандай Мақсат үнсіз ғана қоштасты.
Құралбек СЫДЫҚОВ,
Мақтаарал ауданы.
2022-10-05