ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛУДЕ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Билік, Қылмыс пен жаза, Өзекті мәселе
12/10/2022
29 Views
Мақтаарал ауданның халқы тығыз орналасқан, аудан көлемінде қылмыстармен күрес мақсатында іс-шаралар тұрақты жүргізіп келеді. Алайда ағымдағы жылдың басынан қылмыстық құқықбұзушылықтар 38% ұлғайған. Бұл туралы қыркүйек айының басында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен мекемеаралық мәжілісінде аудан прокуроры Айтболат Досаев айтып өтті.
Мәжіліс нәтижесімен аудандық прокуратура, полиция бөлімі және аудан әкімдігі кездесулер кестесін бекітіп, бірлескен арнайы жұмысшы топ құрылды. Бүгінгі таңға жұмысшы топ Мырзакент, Атакент, Жамбыл, Бірлік, Жаңа жол, Нұрлыбаев, Иіржар, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерді аралап тұрғындар арасындағы құқық бұзушылық, оның ішінде алаяқтық, мал ұрлығы, жол көлік оқиғалары аса назарға алынып және т.б. қылмыстардың жолын кесу, алдын-алу бағытында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысында, Мақтаарал аудандық прокуратурасының қызметкерлері аудандағы ұлтарлық араздықтың алдын алу шаралары туралы сөз қозғады. Аудан прокуратурасымен аудан аумағындағы ұлтаралық қатынастар мәселесіне тұрақты түрде талдау жүргізілуде, жалпы ахуал қатаң бақылауда.
Сонымен қатар, жұмысшы топ мүшелері қылмыстың ең көп кездесетін түрі алаяқтық екенің айта отырып, оның ішінде: «Алаяқтық қылмысының жиі кездесетін түрі – интернет алаяқтық түрі. Интернет алаяқтықтары бойынша, мысалы банктің қызметкерімін деп алдап, карточканың ақпаратын алу арқылы шотындағы қаражаттарды иемдену, белгілі бар сайтқа кіріп, карточкасының ақпараттарын енгізіп, атына несие рәсімдеу, сайт арқылы мүлік сатып алу секілді және де интернет арқылы тауар сатып алу фактілері жиі тіркелуде»- деп, фактілерін атап өтті. Сондықтан тұрғындар арасында құқықтық, қаржылық сауаттарын арттыру мақсатында азаматтарды алданудан қорғау үшін аудан көлемінде баннер ілініп, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар мен бейнероликтер жарияланып, жүйелі түрді кездесулер мен жиындарда өткізілуде.
Ақпараттық айналым әр сәт сайын жаңартылып отырғандықтан қолында компьютер, смартфон, планшеті бар кез келген адам кез келген уақытта интернет алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін. Бұл үшін интернетте жарияланған әрбір ақпарат пен жарнаманы мұқият оқып, рас не жалған екендігін зерделеп алу қажет. Егер сізде алаяқтық бойынша күдік тұдырған жағдай немесе ақпарат болса, төмендегі сенім нөмеріне хабарласып аудандық прокуратураның кезекші қызметкерлерінен кеңес ала аласыздар: 87762435710.
Алаяқтар арбауына түспей, сақ болайық құрметті аудан тұрғындары. Әрбір тексерілген ақпарат сізді және жақындарыңызды алаяқтардың құрбаны болмауынан сақтайды.
Мақтаарал аудандық прокуратурасы.
2022-10-12