Home » PRESS RELEASE » ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ КУБОГЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ КУБОГЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ

         29 қазанда Түркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтеді. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының келесі өкілдері қатысады: Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан.
       Қазақ күресібалуандары18 жастан асқан жеті адамнан тұратын командалар атынан сынға түседі. Спортшылар жеті салмақ санатында белдеседі: 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта.
       Турнир еліміздегі ұлттық спорт түрін дамыту және қолдау мақсатында өткізіледі. Бұдан бөлек, «TuranBarysy» жастарды спортқа тарту және ұлттық салт-дәстүрлерді   сақтау міндетін алға қояды.
       «Qazaq kuresi» Қауымдастығының бас директоры Ербол Мырзабосынов қазақ күресі елдегі өскелең ұрпақты тәрбиелеу және мәдениетін арттыру негізіекенінесенімді. Бұл турнир қазақ күресінің әлемдік аренада одан әрі дамуына серпін бермек.
       «29 қазанда алғаш рет «TuranBarysy» турнирі өтетінін мәлімдейміз. Түркістан қаласы кездейсоқ таңдалмады. Ол қатысушы елдердің мүддесін біріктіретін түркі әлемінің астанасы саналады», деді Ербол Мырзабосынов.
       Айта кетерлігі, бүгінде Қазақстанда 120 мыңнан астам бала мен жас осы спорт түрімен шұғылданады. Ұлттық спортты насихаттау мақсатында шетелде 30 астам қазақ күресі федерациясы жұмыс істейді.
        «Тек Қазақстанның өзінде әртүрлі деңгейде 800 астам жарыс өткізіледі. Сонымен бірге халықаралық деңгейде Азия Кубогы, Азия және әлем Чемпионаттары секілді халықаралық турнирлер өтеді», – деп атап өтті «Qazaq kuresi» Қауымдастығының бас директоры.
        «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының атқарушы директоры Серікбол Оразалиннің айтуынша, жарысқа қатысушы елдің мықты балуандары қатысады.
        «Qazaqstan Barysy» қоры 10 жыл бойы ұлттық спорт түрін қолдау және дамытумен айналысып келеді. Қазақстан барысы, Әлем барысы, Еуразия барысы секілді чемпионаттар өткіземіз. Мұндай іс-шаралар отандастарымыз бен шетелдік аудиторияның Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүріне, ұлттық күреске деген назарын аударады деп сеніммен айта аламыз. Жалпы жүлде қоры 20 млн. теңгені құрайды», – деді Серікбол Оразалин.
       Турнир ҚР Мәдениетжәне спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қоры, «Qazaq kuresi» қауымдастығы, «Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры» КҚ ұйымдастырылып жатыр.
         Жанкүйерлер турнирді Qazsport және TRT Avaz телеарналарынан тікелей эфирден тамашалай алады.
Қосымша ақпарат бойынша +7-702-888-31-38, Ақсұлу АРЗЫҚҰЛОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ 90 ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ

        ...

100 БҮЛДІРШІНГЕ 100 СЫЙЛЫҚ

        ...

БҰҰ АТМЭӘК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА KAZAKHSTAN TECH SOLUTION DAY ӨТЕДІ

        ...

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚОР 17 ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

        ...

Д.ТАСТЕКЕЙ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛАДЫ

        ...

26 ТАМЫЗ – ҚАЗАҚ ШЕКАРАСЫ ЗАҢДЫ ҚҰЖАТПЕН АЙҚЫНДАЛҒАН КҮН

     26 тамызда ...

ЖЕТІСАЙДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

 С праздником – Днем родной земли!

      Дорогие ...

ЖЕРІМІЗДІ АЛЫП, ЕЛІМІЗДІ ҚҰРЫП БЕРГЕН АЛАШ АРЫСТАРЫ!

        ...

ТУҒАН ЖЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

        ...