МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН БІРГЕ ӘН ШЫРҚАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Әлеумет, Жас буын, Мерекелік шара
18/10/2022
19 Views
25 қазан – Республика күніне және балалар жылына орай күні кеше Мақтаарал ауданында «Мақтаарал» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Мейірім шапағаты» атты концерттік кеш өтті.
Іс-шарада мүмкіндігі шектеулі балалар мен мәдениет қызметкерлері бірге ән шырқап, қалың көрерменге өнерлерін паш етті.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Тәтеев, аудандық мәдениет үйінің басшысы Серғазы Байдуллаев, Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп интернатының басшысы Күмісай Сейдуалиевалар балаларды республика күнімен құттықтап, мінберде жылы лебіздерін білдірді.
Кеш соңында өнерімен көпті таң қалдырған балалар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2022-10-18