Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЕЛІМІЗДІҢ БЕДЕЛДІ ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ЕЛІМІЗДІҢ БЕДЕЛДІ ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ

ЕЛІМІЗДІҢ БЕДЕЛДІ ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ

          Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстандағы қаржы ұйымдарының алдыңғы бестігінде Каспий банк мықтап орын алған болатын. Алайда оның бұл имиджіне қызметінде орын алған техникалық ақаулар үлкен соққы болып тиді. Каспий банктің 1-ақ күн дұрыс жұмыс істемеуі оған ел халқының қаншалықты сенім артатынын нақты көрсетіп берді. Мысалы сол күннің ертесінде-ақ халық арасында «Халық банк қызметкерлері жұмысқа кешігіп барыпты, себебі олар өздеріндегі Каспий арқылы таксиге ақша төлей алмай қалыпты!» деген әңгіме де шықты. Бұл әрине әзіл болса да оның түбінде шындықта бар болатын. Сол жай көпшіліктің нақты ақша ұстап жүргеннен гөрі, телефонда Каспий банктің қосымшасын орнатып алғанды артық көретінін көрсетті. Сол жағдайдан кейін Каспий банкке деген халық сенімі біртіндеп азая бастады. Тіпті оны кезінде дүрілдеген «Валют Транзит Банк» пен «Альянс Банк»-тің кебін киіп көп ұзамай банкрот болып қалады екен деген қауіптер де айтыла бастады. Сол себепті кебір азаматтарымыз өздеріне сенімді әрі сапалы қызмет көрсететің басқа бактерге,  соның ішінде «Халық банкке» де ауды. Сол кезде «озық ойлылар» ғана емес, қатардағы азаматтар да, оның мобилді қосымшасы арқылы Каспийдіңкіндей еркін түрде көптеген қаржылық операцияларды  жүзеге асыруға болатынын түсінді.   
        Көпшіліктің басқа емес, дәл «Халық банкке» назар аударуы оның көп жылдардан бері қаржы нарығында нық тұруында дер едік. Тағы да бір елеулі жай – кейбір банктердің талаптарына қарағанда оның кредиттік пайызы төмен болғандықтан ел тұрғындары содан қарыз ақша алғысы келетіндігі. Алайда, бұл банк негізінен осы қаржы ұйымы арқылы жалақы алатын жеке тұлғаларға ғана кредит беретіндіктен, бюджеттік мекемелерде жұмыс істемейтін «қатардағы азаматтарда» «ол банктің кредиттері бізге бұйырмайды» деген түсінік мықтап қалыптасқан еді. Сол себепті, олар қажетті соманы «еш қиналмастан бере беретін ақкөңіл кейбір банктердің» пайызы жоғары кредиттерін алуға мәжбүр болатын.
        Жоғарыда айтып өткеніміздей еліміздегі жағдай  Каспий банк төтенше жағдайға тап болғанда күрт өзгерді. Қарапайым азаматтар елдегі банктердің ұсынатын мүмкіндіктерін сараптай отырып, «Халық банк» пен  Каспийдіңкі бір-біріне ұқсас екенін анықтады. Атап айтсақ, егер Каспий.кз-нің мобилді қосымшасы арқылы түрлі дүкендерден қажетті заттарды еркін түрде сатып алу мүмкіндігі болса, «Халық банкте» де соған ұқсас «Маркет» қосымшасы бар. Бұған қосымша онда 5 пайыздық жеңілдікпен темір жол және ұшақ билеттері сатылса, «Скат» авиакомпаниясының билеттері 25 пайыздық жеңілдікпен саудаланады. Ол жағынан ол Каспидіңкінен де асып тұр. Басқа банктегілердің клиенттеріне көрсететін «айлыққа дейінгі қарыз», ірі көлемді төмен пайызды «онлайн кредиттер» мен т.б. «дәстүрлі қызметтерден» бөлек ай сайын банк клиенттері арасында түрлі қымбат заттай ұтыстар ұйымдастырылса, түрлі коммуналдық төлемдерге 100 пайыздық бонустарды ұту мүмкіндігі, кейбір танымал компаниялардың бонустарын алмастыру секілді қызметтер бар. Сондай қызметтердің арқасында бұл банктің ел тұрғындары арасында клиенттері уақыт өте арта түсуде.
        Алдағы уақыттарда ел тұрғындары арасында «Халық банк» өзінің қаржылық қызметтерін қарқынды түрде насихаттап, азаматтарымызға басқа да тиімді жаңа қызмет түрлерін ұсынса, сонда ел азаматтарында «ол банк тек өзі арқылы ғана айлық алатындарға ғана қызмет көрсететін қаржылық ұйым» деген қате түсінік жоғалары анық. Сонда алдағы уақытта онлайн түрде ақша айналымы мол жүретін түрлі деңгейдегі сауда нүктелері мен жолаушы тасымалы саласында және азаматтардың өзара қаржы айналымдарында да осы банктің қызметі кең көлемде пайдаланылатыны анық.
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ, журналист.         

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...