Банк әдеттегідей, өз клиенттеріне – балаларға да, олардың ата-аналарына да ең жақсы шарттарды ұсынды
Posted by: Қалмұрат
in Business, PRESS RELEASE, Қаржы саласы
01/11/2022
18 Views
Осыдан екі жыл бұрын ғана ата-аналар балаларының күнделікті қажеттіліктеріне тек қолма-қол ақша берді. Алайда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу біздің өмірімізге тез әрі нық еніп, ата-аналар мен балалардың ақшалай қатынастарына да өз әсерін тигізді. Ересектердің баланың ұсақ шығындарына арналған ақшаны немесе оларға ақшалай қаражат түріндегі сыйлықты баланың банктік картасына аударуы жиілей түсуде. Ал бүгінгі күні банктердің балаларға арналған арнайы карталарды шығару ұсыныстарымен көпшілікті таңқалдыра алмайсыз. Дегенмен, балаларға карта дәл қандай мүмкіндіктер ашатындығы жағынан үлкен айырмашылықтар бар. Осы тұста Halyk Bank Halyk Easy картасын жасап, әдеттегідей, өз клиенттеріне – балаларға да, олардың ата-аналарына да ең жақсы шарттарды ұсынуға тырысты.
Алдымен ата-ана Halyk Еasy картасын Halyk Homebank қосымшасында бірнеше минут ішінде аша алатындығынан бастайық. Halyk Homebank қосымшасын App Store-ден немесе Play Market-тен жүктеп алуға болады. Ата-ана Halyk Homebank қосымшасында «Halyk Easy» таңдап, баланың ЖСН, оның ұялы телефон нөмірін көрсетіп, енгізілген деректерді растауы керек. Halyk Homebank-ке кіру үшін баланың телефонына уақытша SMS-құпиясөз жіберіледі. Ата-ана балаға қосымшаны орнатуға және Halyk Homebank-те авторландырудан өтуге ғана көмектесуі керек болады.
Авторландыру жүзеге асырылғаннан кейін Halyk Еasy картасы бірден баланың смартфонында пайда болады. Бұл оған картаны Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay-ге байланыстыра отырып өзінің телефоны арқылы оңай төлемдер жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ QR арқылы да төлеуге болады: ол үшін Halyk Homebank қосымшасының басты бетінде QR батырмасын басып, камераны Halyk Bank-тің терминалдары желісіндегі QR-ға бағыттау керек. Осылайша, Halyk Easy картасымен пластикалық картаны өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ, яғни оны жоғалту қаупі азаяды. Ең бастысы, Halyk Easy арқылы есеп айырыса отырып, балаңыз сүйікті санаттар қатарына кіретін әр жасалған саудадан 5% бонус алатын болады. Сүйікті санаттарға балалар арасында ең танымал орындар кіреді: кинотеатрлар, фаст-фуд, ойыншықтар мен кітап дүкендері, боулингтер, бейне ойындар, аттракциондар, саябақтар, цирк, хайуанаттар бағы және сыйлықтар мен хобби тауарларын сату орындары. Сонымен қатар, жоғары бонустар билеттерді сату қызметтері үшін де, мысалы, kino.kz және Halyk Homebank қосымшасында жасалған төлемдер үшін де есептеледі. Маңыздысы, баланың өзі ғана пайдалана алатын бонустарды жинақтау үшін балаға жеке бонустық шот ашылады.
Halyk Easy арқылы бала алынған немесе сыйға тартылған ақшаны жұмсап қана қоймай, оны, мысалы, велосипед немесе жаңа смартфон сатып алуға үнемдеуге мүмкіндік алады.
Ата-аналар үшін Halyk Easy-дің артықшылықтары ап-айқын. Бұл балаға ақшаны тез аудару мүмкіндігі және оның шығындарының ашықтығы. Тез толтыру үшін ата-анаға Halyk Homebank қосымшасы арқылы баланың телефон нөмірі бойынша жедел аударымдар жіберу жеткілікті. Көптеген адамдар үшін ай сайынғы лимитті онлайн түзету мүмкіндігі ыңғайлы болады. Баланың шығындарына мониторинг жүргізе отырып, картаны ашқан кезде белгіленген қаражат лимитін ұлғайтуғаа немесе азайтуға болады. Бұл көңілге қонымды, өйткені балалар әртүрлі және олардың шығындары да әртүрлі. Бір бала бүкіл соманы бір күн ішінде жұмсап қоя алады, ал басқа бала жарты жыл ішінде армандағанын сатып алуға ақшасын ойдағыдай жинайды. Айтпақшы, ата-аналар үшін тағы бір артықшылық: Halyk Easy арқылы Сіз баланың қаржылық сауаттылығын дамыта бастай аласыз, оған ақшаны қалай оңтайлы басқаруға болатындығын нақты мысалдармен көрсете аласыз.
Бала алты жасқа толған кезден бастап оған банктік картаны ресімдеуге болады. Бірақ іс жүзінде бұл ата-ананың шотына шығарылған қосымша карта болады. Басқаша айтқанда, балалар картасының балансы ата-аналық шотқа байланыстырылған. Осылайша, ересек адам картадан баланың барлық операцияларын көре алады және қажет болған жағдайда бақылай алады. Бала 16 жасқа толған кезде, ол өзінің жеке шотын өз бетінше аша алады.
Қажет болған кезде, Halyk Еasy пластикалық картасын да алуға болады, бұл үшін ата-ана Halyk Homebank қосымшасының басты бетінде немесе «Шоттар» бөлімінде Halyk Easy Digital картасын таңдап, «Картаға тапсырыс беру» батырмасын басуы керек. Тапсырыс үшін қажетті деректерді толтырғаннан кейін курьермен жеткізуді белгілеу, деректерді растау және SMS-тен кодты енгізу керек. Айтпақшы, карта тегін жеткізіледі.
Көріп отырғаныңыздай, картаны пайдалану барлық жағынан ыңғайлы әрі тиімді. Сонымен қатар, бұл баланың қауіпсіздігін арттырады. Қолма-қол ақшаны жоғалту немесе тартып алу оңайырақ. Ал кодты білмей жоғалған немесе тартып алған картаны пайдалану немесе ұрланған смартфон арқылы сауда үшін төлеу тіпті мүмкін емес.
Halyk Easy-дің тағы бір өте елеулі артықшылығы. Картаны қолдана отырып, бала жас кезінен бастап озық төлем шешімдерімен өзара әрекеттесуді үйренеді және барған сайын неғұрлым инновациялық өнімдердің енгізілуімен бірге өседі. Демек, ол келешекте цифрлық ақшаны оңай пайдаланып, табысты адам болады.
2022-11-01