Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Қазақстандағы ШОБ үшін үздік банк! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Қазақстандағы ШОБ үшін үздік банк!

Қазақстандағы ШОБ үшін үздік банк!

Global Finance халықаралық басылымы екінші жыл қатарынан Halyk Bank-ті «Best SME Bank in Kazakhstan 2023» номинациясы бойынша Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін үздік банк деп атады.
2021 жылғы 1 сәуір мен 2022 жылғы 31 наурыз аралығында Global Finance беделді халықаралық басылымының сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша Halyk Bank екінші жыл қатарынан «2023 Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін үздік Банк» (Best SME Bank in Kazakhstan 2023) номинациясы бойынша беделді марапаттың жеңімпазы болып танылды.
Жыл сайын өтетін SME Bank Awards 2023 сыйлығының жеңімпаздары Африка, Азия-Тынық мұхиты және Кариб теңізі аймақтарының, Орталық және Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Таяу Шығыс, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерін қоса алғанда, 69 ел мен АҚШ-тың 6 аймағындағы индустрия инсайдерлерінің, басшылары мен техникалық сарапшыларының қатысуымен жүргізілген тәуелсіз зерттеулердің және банктердің өтінімдері негізінде анықталды.
Global Finance сарапшылары өз алгоритмін пайдаланды, мұнда ең маңыздысы нарық пен бизнес қажеттіліктерін білу, өнімдер мен қызметтердің ассортименті, банктің нарықтық позициясы және инновациялар сияқты критерийлер болды. Сонымен қатар, өз өңірлерінде ШОБ-тың мамандандырылған қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын банктер жеңімпаз атанды.
Global Finance баспагері және редакциялық директоры Джозеф Джаррапуто: «ШОБ бүкіл әлемде экономика үшін қозғаушы күш болып табылады, бұл сегмент әр салаға, секторға және географияға ғана тән қажеттіліктері бар кәсіпорындардың кең ауқымын қамтиды», – дейді, – Осы сегментке назар аударатын және өз елінде де, одан тыс жерлерде де ШОБ клиенттеріне қызмет көрсететін үздік қаржылық серіктестерді атап өту арқылы Global Finance өз бизнесінің көкжиегін кеңейтуді қалайтын тәжірибелі кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашады».
«Біз беделді халықаралық басылымның сарапшыларына Halyk-тың Қазақстанның кәсіпкерлері үшін инновацияларды, қызметтер мен өнімдерді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін ризамыз, – деп атап өтті Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова, – Біздің негізгі серіктестеріміз –отандық экономиканың түрлі салаларында белсенді жұмыс істейтін және дамытатын шағын және орта бизнес кәсіпорындары. Halyk жүйе құраушы банк ретінде ыңғайлы цифрлық шешімдерді, өнімдер мен қызметтерді ұсына отырып, қаржыландырудың оңтайлы шарттарын ұсына отырып, қазақстандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге ұмтылады. Мысалы, Onlinebank қосымшасы арқылы ЖК-ны қашықтықтан тіркеу және онлайн шот ашу, салық есептілігін және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді тапсыру, цифрлық кредиттеу, сондай-ақ кәсіпкерлердің өмірін жеңілдететін тағы басқалар».
***
Global Finance қаржы журналы 1987 жылы құрылған, 50 000 дана тиражбен шығады және әлемнің 193 елінде оқырмандары бар. Журналдың аудиториясына инвестицияларға, халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының жұмысындағы стратегиялық шешімдерге жауап беретін қаржы және корпоративтік салалардағы басшылар кіреді. Басылымның сайтында халықаралық қаржы нарықтары саласындағы көпжылдық жұмыстың нәтижесі болып табылатын аналитика мен жарияланымдар ұсынылған. Global Finance-тың бас офисі Нью-Йоркте, ал басқа офистері бүкіл әлем бойынша орналасқан. Global Finance жыл сайын банктер мен қаржылық қызметтердің басқа өкілдері арасында қызмет көрсеткіштері бойынша көшбасшыларды іріктейді. Басылым белгілеген марапаттар әлемдік қаржы қауымдастығы үшін сапа көрсеткіші ретінде танылады.
Halyk Bank – бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді және активтерді басқаруды қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде операциялар жүргізетін Қазақстандағы жетекші банк. Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Astana International Exchange-де 2019 жылғы қазаннан бастап листингі бар. 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдайға сәйкес 13,735.6 млрд. теңге мөлшерінде активтерге ие бола, банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады және клиенттердің ең ірі базасы мен филиалдық желісі бар – ел бойынша 577 бөлімше мен филиал. Банк өз операцияларын Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде, Өзбекстанда және Тәжікстанда іске асырады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...