ЖЫЛҚЫ БОРДАҚЫЛАУ АРҚЫЛЫ ДА МОЛ ТАБЫСҚА КЕНЕЛУГЕ БОЛАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік, Последние новости, Саясат, Экономика
03/11/2022
35 Views
Қазақ халқы үшін жылқы – төрт түлік малдың патшасы. Мінсе – көлік, жесе – ас, ішсе – сусын болған жылқы көшпелі халықтың бар керегіне жараған. Қазірде бұл төлге деген сүйіспеншілік ерекше. Киелі жануардың еті, қазы-қарта, жал мен жаясы, қымызы дастарханымыздың төрінен арнаулы орын алуда.
Өздеріңізге белгілі, Мақтаарал ауданы облысымыз бойынша ауыл шаруашылығы саласына өте қолайлы аймақтардың бірі болып, алдағы орында ілгерілеп келе жатыр. Аудан тұрғындары шағын өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық салаларына да өте бейім. Мырзакент кенті тұрғыны, «Раяна» ЖК-нің иесі Рысбаев Болатбек Жумаханович сондай азаматтың бірі.
Кәсіпкер Болатбек Рысбаев мырза «Ырыс» микроқаржы ұйымынан жылқы малын бордақылау бойынша жеңілдетілген несие иегері атанып, қазіргі таңда аудан экономикасына аз да болсын өз үлесін қосуда.
Біздің орталықтан кәсіпкерлік негіздерін оқып шығып, өз ісін дөңгелетіп отырған Б.Рысбаев алдағы уақытта өз кәсібін өркендетуді жоспарлауда. Егер де өңірімізде сол секілді іскер кәсіпкерлердің қатары көбейе берсе, онда алдағы уақытта көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, ауданымыздың экономикалық әлеуеті артатын болады.
«TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы»
КММ-нің Мақтаарал аудандық бөлімі.
2022-11-03