«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Анонсы, Әлеумет, Экология
03/11/2022
28 Views
4 қарашада сағат 15:00 – де Астана қаласында төртінші республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсының (бұдан әрі-Конкурс) жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Конкурсты ұйымдастырушылар: ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ.
Конкурс экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық пайдалану ғимараттарының тұрақтылығын, жайлылығы мен эргономикасын арттыруға, озық тәжірибенің үздік үлгілері мен технологиялық шешімдерін таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 6 мамырынан 2 қазанына дейін 8 номинация бойынша қабылданды: 1)білім беру саласында; 2) денсаулық сақтау саласында; 3) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор арасында; 4) бизнес-құрылымдар арасында; 5) өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында; 6) бизнес орталықтар мен сауда орталықтары арасында; 7) қаржы ұйымдары арасында; 8) ҮЕҰ арасында.
Конкурсқа қатысушылардан барлығы 100-ге жуық өтінім қабылданды, олардың ішінде конкурстық комиссия жеңімпаздардың дипломдары мен Green office арнайы белгілерін алатын үздік 26 үміткерді таңдады.
Марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е. Н. Абаканов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі З. Б. Сүлейменова, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің өкілі, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры А. М. Сүлейменов қатысады.
Марапаттау рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді. ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылуға арналған сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/86558409949?pwd=b28wcnFGTS83ZTRJanowOFM2UHhpZz09 конференция идентификаторы: 865 5840 9949 кіру коды: 332715
Аккредиттеу үшін:
Баспасөз хатшысы : Меруерт
Тел.: 8 778 456 0999, e-mail: meruert_1968@mail.ru
2022-11-03