Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БИДҒАТ ҰҒЫМЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » БИДҒАТ ҰҒЫМЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ

БИДҒАТ ҰҒЫМЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ

       Ислам дінінің таралуы мен қарқын алып дамуы тарих беттерінде баяндалғанындай, Орта Азияның  мұсылмандану кезеңі түркі қағандары тұсында бастауын алып, Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдады. Қазақ мемлекеті құрылуы кезеңінде нығайа түсіп, қазақ халқының тарихы мен руханияты, мәдениеті мен дәстүрінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болды. Тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Түрлі мұсылман бірлестіктері мен діни білім беретін оқу ордалары ашылды.
        Алайда исламды тану тұрғысында діни танымның таяздығынан діни топтар, ағымдар мен түрлі ұйымдарда қатар пайда болды. Олар діндегі мәселелерде талас­-тартыстар тудырып, қайшылықтар жасап отырды. Соның бірі мұсылмандар арасында жат ағым өкілдерінің  қолданып жүрген тәсілдерінің бірі – қоғам арасында «бидғат» мәселесін көтеріп, олардың түсінігіндегі діни ұстанымға қайшы барлық пікірлерді бидғат деп айыптаулары. Осындай әрекеттерімен олар мұсылман қоғамына сызат түсіріп, алауыздық отын тұтатты. Негізінен «бидғат» ұғымы жаңа құбылыстың бәріне бірдей тыйым салмайды. Бірақ нақты хадис аяттарға қайшы келіп, шариғи бекітілген үкімді жоққа шығарып жатса, ол бидғат болып табылады. Исламда қандай да бір жақсы әдет бастаса, сол өзінің сауабын алады және өзглерге үлгі болары анық.
         Бидғат – ойдан шығару, жаңа нәрсе жасау, жаңа, бұрынсоңды болмаған жаңалық  деген мағыналарды береді. Тілдік мағынасында «бидғат» – бір нәрсенің діни мәселеге немесе дүниелік істерге жататындығына, адам сол істің орындалуын діннің бір бөлігі деп санайтын-санамайтындығына қарамастан, жаңалық енгізу дегенді білдіреді. Фиқһ саласында бидғат енгізуші не болмаса ғылыми жаңалық ашушы адамды (мубтади′) бидғатшы деген дәреже берген.
         Бидғат – ислам дінінің негізінде кез келген бір құндылығын алып тастау немесе  ислам дініне  жаңадан жат нәрселерді енгізу, сол секілді, дінде құпталған  заттарды оған киліктіру дегенді білдіреді. Бұл анықтамадан бидғаттың тек қана исламға бір жаңалық енгізу емес, сондай-ақ оның құрамынан бір нәрсені алып тастау екенін ұғуға болады. Демек, исламға және  оның негіздеріне кереғар жаңалықтар енгізу бидғат болғаны сияқты, оның ішінен бір нәрсені алып тастау да бидғат, әрі бұлай ету үлкен күнә болып табылады, тіпті кейде діннен шығаруға алып баратын тұстары бар. Бұл бидғаттар әдетте, ғибадатта немесе иманда болады. Әдетте бидғаттың діни тұрғыдан зияны жоқ.
         Ғибадатта бидғат – деп Пайғамбар (с.а.с) және төрт халифасының заманында болмай дінімізге кейіннен кірген, ойдан шығарылған сенімдерге, сөздерге, амалдарға және әдеттерге айтылады. Ғибадатқа бидғат араластыру үлкен күнә болады. Бидғатты сүннет деп орындау харам. Бұлардың барлығын дін деп, ғибадат деп дінге қосу немесе діндегі маңызды нәрселерді дінге қайшы нәрсе, дінде бұл нәрсе жоқ деп айту бидғат болып табылады. Бидғаттардың кейбіреулері күпір, кейбіреулері үлкен күнә болады.
       Бұл жөнінде қасиетті Құранда және хадис шәрифте былай бұйырылды: «Дін атына ойдан шығарылған барлық нәрсе бидғат болып табылады, барлық бидғаттар адасушылық, барлық адасушылық та жаһаннамға апарады» (Бұхари, Муслим, Ибни Мажә, Нәсаи) сынды ғалымдар анықтама берген.
         Ғалым Имам Науауи «Тахзибул Асма уа Луғат» кітабында баяндалып келген ғалымдардың анықтамаларынан түсінеріміз: бидғат – Пайғамбар (с.а.с) кезінҒде болмаған жайт, егер Құран мен хадисте оны дәлелдейтін негіз болмаса қабылданбайды және ол жақсы немесе жаман болып екіге бөлінеді. Бұған Пайғамбар (с.а.с)  «Сахих Мүслімде» келген басқа бір хадисі дәлел болмақ:
         «Кім Исламда қандай да бір жақсы әдет бастаса, сол өзінің сауабына және одан кейін осыны істейтіндердің сауабына ие болады, және бұл олардың сауабын еш кемітпейді, сол секілді кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзінің амалы үшін жаза тартады және соны істейтіндердің де жазасы еш кеміместен сондай болады»
          Қорыта келе, ғұламаларымыз жақсы және жаман бидғаттың ортасын ажыратып алудың басты өлшемі – ислам шариғатының жалпы ережелері екенін айтты. Яғни, Пайғамбар (с.а.с) уақытында байқалмаған іс- әрекет осы шариғат ережелеріне сәйкес келсе, онда ол қателікке апаратын бидғат болып саналмайды. Керісінше, бұл мақтауға тұрарлық, «жақсы бидғат» саналады. Бұл дегеніміз, Пайғамбардың (с.а.с) қалдырған сара жолымен жүрудің нақты айғағы болмақ.
Е.ЕШТАЙ, теолог маман.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...