Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АУЫЛЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әдебиет » АУЫЛЫМ

АУЫЛЫМ

      2020 жылдан бастап «Сәкен Сейфуллин» атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Тарих» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін Жәйірбек Бекбол Жәйірбекұлының бойында ақындық қабілет бар. Ол 1982 жылы 11 ақпанда Алматы  облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылында өмірге келіп,  1999 жылы Қаратұрық ауылындағы  Авут Саттаров атындағы орта мектепті бітірді.  
    2007 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Тарих» факультетін, «Тарих, құқық және экономика негіздері мамандығы» бойынша бітірген соң, әртүрлі қызмет саласында жүрді.   2011-2013 жылдар аралығында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар ауылында Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте «Тарих» пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.  2013-2019 жылдар аралығында профессор Рузуддиновтың медициналық-стоматологиялық колледжінде «Қазақстан тарихы» пәнінің аға оқытушысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, 2014-2016 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсіп, «Тарих» мамандығы бойынша педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алып, 2019-2022 жылдар аралығында Талғар қаласы, Д.А.Қонаев атындағы университеттің колледжінде «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы қызметін атқарды.
      Бүгінде өмірлік жолдасы Назым Оспанова екеуі үш ұлды бағып-өсіруде.
      Біз, Сіздерге төменде оның өлеңдерін  ұсынып отырмыз. Лайықты бағасын берерсіздер деп ойлаймыз.
             АУЫЛЫМ
Мен Бекболмын, Қаратұрықтың мұзбалағы,
Туған жерім, Қаратұрық жайлы жазамын.
Ауылым, туып-өскен мекенім,
Мен бір балаң, жүрегім Қаратұрығым деп соғатын.
 
Сағынамын ауылымды, жиі барып тұрсамда,
Балалық шағым өтті, өзіңнің құшағыңда.
Есейдік міне, сіңіп кетсек те қалаға,
Өзіңдей сағынышты басар, табылар ма?
Қаратұрығым тарихың ертеден-ақ басталған,
Өтті небір оқиғалар сан-алуан.
Керуендер тоқтамай өтпейтін, шаhарым,
Өзіңсің мақтанышым, киелі Ордам.
 
         ЖАНДОС ДОСЫМА!
Бір досым бар Жандос деген,
Әлі де сол досыммен сыйласып келем.
Дос болғалы арамызда сызат жоқ,
Кейде ақылы асып, болады кемел.
Досым ғой менің, кейде отырып сырласар,
Өзі бір ақкөңіл, сыры болмайды жасырар.
Отбасын құрып, бақытты болуын тілеймін,
Досым шабыт қой бұл, бір келіп тасынар.
              БҮГІНГІ ОҚУШЫЛАР!
Келбеттері келісімді,
Түрлерінде мін жоқ.
Тұрыстары талтайып,
Жүрістері шалқайып,
Сөздерінде мән жоқ.
Киінеді шіреніп,
Тек қана сән қуып.
Отырыстары керемет,
Алғандай бәрін біліп.
Сұрамайды оқушылар,
Әр нәрсеге таңданып.
Көзін ашып телефонмен,
Жатады тағы жастанып.
Өтіп жатыр уақыттары,
Өзіне-өзі алданып.
Жүре берсе осылай,
Жүрер ертең жалданып.
Сонда кімге айтады,
Уақытқа қарап шамданып.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...