Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КОНТЕКСТІНДЕГІ ДІНИ САНАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КОНТЕКСТІНДЕГІ ДІНИ САНАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КОНТЕКСТІНДЕГІ ДІНИ САНАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

       Адам табиғатының ерекшелігі сол өткенін саралап, болашаққа жоспарлар құрудан тұрады. Мұның барлығы тікелей адам санасымен байланысты. Әлемнің барлық елдерінде дінге сенушілердің көп болуына қарамастан, діни сананың күшімен шешілмейтін көптеген қарама-қайшылықтар туындап жатыр.
      Жалпы алғанда, діни санаға қатысты барлық мәселелер қоғамның, адам өмірінің өзгергендігін және олардың жаңа рухани құндылықтарға ұмтылып жатқандығын көрсетеді. Діни сана жаңа, жиі күтпеген және үйренбеген формаларда көрініс табуда.
       Расында да, аяушылыққа, жұбатуға, шын жүректік қарым-қатынасқа деген  қажеттілік  көп адамда бар. Олар бұл қажеттілікті әр түрлі қанағаттандырады. Кейбірі қоғамдық ережелерді ұстанып, дінсіз қол жеткізсе,  ал  қалған  бөлігі діни сенім арқылы жүзеге асырады.
      Дін – әлеуметтік құбылыс. Оның пайда болуы, дамуы, өткен мен қазіргі ахуалы арнайы қоғамдық жағдайларымен ерекшеленеді.
      Діни сана әділетті өмір туралы сана ретінде қалыптасты. Діни мәселелер адамгершілік мәселелерімен тығыз байланыста болды. Дін ұстанбайтын халық жоқ. Яғни діни сананың пайда болуы мен дамуы нақты мәндік мазмұнға тәуелсіз, адамның рухани қажеттіліктерімен байланысты. Діннің түрлері көп. Бірақ ислам діні, христиандық, буддизм сияқты әлемдік діндердің сыртқы өзіндік  ерекшеліктері  болса да,  олардың  ортақ  қырлары  басымырақ. Бұл ұқсастықтар, ең алдымен, адамзаттың бірлігімен, әлеуметтік даму процестерінің ұқсастығымен, психология заңдарының барлық адамзатқа ортақтығымен түсіндіріледі.
      Діни сана діни іс-әрекет, діни қарым-қатынастар және ұйымдармен қатар дін құрылымындағы элемент болып табылады. Діннің элементтері мен құрылымы адамзат тарихындағы процестерде пайда болып, өзгеріп отырды.
     Діни сана құрылымында маңызды компонент болып діни сезімдер табылады. Діни сезім ол, ең алдымен, сенушілердің мойындалатын объектісіне (Құдайға) және соған байланысты нәрсенің барлығына: орын, іс-әрекеттер, байланыстар, адамдардың бір-біріне, жалпы әлемге деген деген эмоционалды қатынасы. Діни сезімдер діни ойлар, аңыздар, көзқарастар, идеал, сенімдермен өзара байланысты. Сондықтан оның өз бағыты, мәні және мағынасы бар. Сенетін адамның діни сезімі оның рухани қажеттіліктері мен оларды бастан кешірулерінің объектісі болып табылады. Олар эмоцияға толы және өте сезімтал болуы мүмкін.
      Діни сана – ол адамның белгілі бір діни идеялар мен құндылықтарға қатысы болуы, сонымен қатар қандай да бір дін мен діни топтарға жатуы. Адам өзін сенушімін  деп  санайды  және өзін қандай да бір дінге жатқызады.
      Діни сана адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде және түрлі жағдайларда қалыптасуы мүмкін. Бұл адамның діни қарым-қатынастар жүйесіне кіріктірілуі мен діни идеялар, құндылықтар, эмоционалды нормаларды қабылдау арқылы жүреді. Көп жағдайда діни сана отбасылық орта (отбасындағы діни тәрбие) мен айналасындағылардың, сонымен  қатар дінді үгіттеушілердің және т.б. әсері арқылы қалыптасады.
       Кей  жағдайда  адам  ішкі  күйзеліс  (немесе дағдарыс) нәтижесінде эмоционалдық және психологиялық таңдауы арқылы «сенушілер» қатарына қосылып жатады. Мұнда көп нәрсе тұлғаның индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Бұл процесті діни тәжірибе деп атайды. Адам мен топтардың діни тәжірибесі уақыт өте келе әлемнің стереотипті бейнесіне және мұсылман, христиан болу дегініміз не, бұл топтың мүшелері басқа діни топтардан немен ерекшеленеді деген сияқты түсінікке айналады. Діни сананы діннің жетекші, анықтаушы элементі деп санайтын ғалымдар  арасында екі тенденция анық байқалады. Біреулері діни сананы интеллектуалды феномен ретінде талқылайды. Мұндай ыңғай тұрғысынан  дін мифологиялық жүйе ретінде ұсынылады.
      Діни сананың рационалды немесе эмоционалды жағының басым болу мәселесі діни сананың түрлі деңгейлерінің өзара қатынас мәселесін қарастыруда жаңа қырына ие болуда.
       Дамыған діни жүйелерде философтар мен әлеуметтанушылар, кем дегенде, екі нақты  анықталған  деңгейлерін көрсетеді. Олар үйреншікті тұрмыстық деңгейдегі діни сана және теориялық рәсімделген, концептуалды діни сана.
       Тұрмыстық деңгейде сана діни сенімге қызмет көрсететін бейнелердің, түсініктердің, көңіл-күйдің, дәстүрлердің жиынтығы ретінде ұсынылады. Бұл деңгейде діни сенімнің рационалды, эмоционалды және ерікті элементтері көрініс табады. Қалыптасуы бойынша, ол индивидуалды-тұлғалық сипатқа ие.
     Концептуалды деңгейдегі діни сана жүйелі дінді оқыту түрінде тіршілік етеді. Дінді оқыту мазмұны дінді оқытушы кітаптарда (Құран, және т.б.) қалыптасып, өзгермейтін формула түрінде діни ұйымдармен бекітілген. Дінді оқытудың мазмұны діни білімнің арнайы саласында дамып, негізделеді.
     Діни тәжірибеге қасиетті мәтіндерді (мысалы, дұға, Құран және т.б.) және басқа да діни дәстүрлердің мәртебеге ие мәтіндерін білу жатады. Бұл өз кезегінде міндетті болып табылады. Ол дінге және оның өкілдерінің санасына тұрақтылық береді.
      Қоғам мен мемлекетімізге әлемнің ғылыми бейнесін елестете алатын, білімді азаматтар қажет. Сонымен қатар адамдардың санасын қажетті адамгершілік шеңберінде ұстап тұрушы рөлін атқаратын дін де сақталып келеді. Дін сенушілердің мінез-құлқын белгілі бір деңгейде анықтайды.
      Қазіргі ғылым діннің кейбір догмаларын жоққа шығарады. Бірақ дін өзгеріп тұратын жағдайларға иілгіш және тез бейімделеді. Діни сананың сақталу себебі болып ғасырлар бойы сақталып келген және адамдардың тұрмысына толығымен енген дәстүрлердің тұрақты болуы да табылады. Үлкен рөлге адамдардың өміріндегі маңызды жағдайлармен байланысты діни орындарда өтетін салт-жораларға ие (адамның дүниеге келуі, үйлену тойы және т.б.). Діни сананың сақталуы мәдениеттің эстетикалық тартымдылығымен, діни сезімдердің эмоцияға толы болуымен, мейірімділік пен әділеттілікке деген сенім сезімдерімен байланысты. Діни ұйымдар өз қызметтеріне әрқашан архитектура, көркем өнер, мүсін, музыка, поэзия, театр сияқты өнер мен шығармашылықтың әртүрлі түрлерін қоюға тырысатын. Мұның барлығы діннің әсерін нығайтуға, сенімді мықты бекіту үшін жасалынатын. Көп жағдайда басым болып табылатын дін мемлекетпен, саяси билікпен бірігеді. Діннің сақталуына және кеңейтілген әсеріне адамдардың жүректеріне жол іздеуге тырысатын діни ұйымдардың (мешіт, медресе) белсенді іс-әрекеті септігін тигізеді. Мұндай жағдайда бейімделгіш және нақты әдістер қолданылады.
      Дін – бұл нақты тарихи құбылыс. Ол дінге деген қажеттілік жоғалған жағдайда, оған деген сұраныс болмағанда, қоғамдық қатынастар жоғалған жағдайда ғана түбегейлі жойылуы мүмкін.
      Сөзсіз, қоғамның діни санасы жеке тұлғаның діни сананың қалыптасуына әсерін тигізеді. Қоғам мен адам түрлі кезеңдерде дамудың маңызды жолдарын жүріп өтті және бүгін, өркениеттілік жағдайында адамдардың артында ар-ұят еркіндігі  принципі сақталуда.
Б.ӨТЕГЕН,
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»-ның маманы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...