БҰЛ АДАМЗАТТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ТАРИХИ КЕЗЕҢ!
Posted by: Қалмұрат
in Жаңалықтар
16/11/2022
14 Views
БҰҰ, 15 қараша. Жер бетіндегі адамдар саны 8 миллиардқа жетті, деп хабарлады сейсенбіде ТАСС, Бүкілдүниежүзілік ұйымның баспасөз қызметінің мәлімдесіне сүйене отырып.
Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қоры (UNFPA) – «Бұл адамзаттың дамуындағы тарихи кезең»,- деп қуанышты түрде хабарлағанмен, алайда бұдан кейін әлем халқының санының өсімі біртіндеп төмендейді деп жайсыз болжамдарын да жасауда. Осы қордың таратқан мәлімдемесі бойынша – егер Жер халқын 1 млрд.-қа ұлғайту үшін 12 жыл қажет болса, адамзат саны 9 млрд.-қа тек 2037 жылға қарай жетсе, 2080 жылдарға қарай 10,4 миллиардқа ғана жетеді екен.
Бұл жайға басты себеп, бүгінгі таңда Жер халқының үштен екісі – туу деңгейі төмен аймақтарда тұрады және планета халқының өсуі негізінен кедей елдерде, атап айтқанда Сахара шөлінің оңтүстігінде орналасқан Африка мемлекеттерінде кездеседі. Бұған қосымша Жер бетінде орын алып жатқан түрлі соғыстар, жыл өткен сайын саны артып бара жатқан үлкен табиғи және техногендік апаттар, қатерлі індеттер адам санының өсуіне өз әсерін тигізуде.
Жыл өткен сайын жарамды ауыз су қорлары мен табиғи байлықтар көлемінің азаюы, егістікке және жайылымдыққа жарамды жер көлемдерінің азаюын есепке ала отырып, кейбір сарапшылар осы 8 миллиард халықты өзін асырауға планетамыздың шамасы жете ме екен деп алаңдай да бастады.
Осындай қауіп-қатерден адамзатты сақтандыру үшін UNFPA-ның өкілдері «Әлемдік қауымдастық әлем алдында тұрған қиындықтарды жеңілдету және тұрақты даму мақсаттарына жету үшін дәлелденген тиімді шешімдерді іздеуі керек» деп мәлімдеді. Сондай-ақ, «Әлемді қауіпсіз, орнықты және инклюзивті ету» мақсатында халықты қолдау жөніндегі тиісті бағдарламаларға да инвестицияларды ұлғайту қажет екенін атап өтті.
Адамзат 8 миллиардқа жетті 2022-11-16