Санаулы күндерден кейін елімізде Президент сайлауы өтеді. Жаңа Қазақстанды құру деп айтып жатырмыз. Шыны керек, өз басым өзгерістерді қолдауға, қолдан келгенше ел дамуына үлес қосуға дайынмын.
Осы жолда Қазақстанды жаңа белеске шығаратын лайықты тұлғаны Қасым-Жомарт Кемелұлы деп білемін. Елдің сыртқы саясатын да, елдің де ішкі проблемаларын да бір кісідей білетін, халықтың ішінен шыққан, білімділігі бір төбе, мықты стратег. Дипломат, қанша елдің Президенттерінің алдында мінберде елдің позициясын нық қорғағанын көрдік. 7 жылдық бағдарламада барлық саланы толық қамтыды. Жемқорлықпен күресіп жатыр. Халықтың үнін естуге жағдай жасауда. Әр салада үлкен реформалар жасалып жатыр. Оның бәрі уақыт өте нәтижесін береді. Сондықтан, осы өзгерістердің қарқынды жүзеге асуына ел болып атсалысып, Президентімізді қолдайық. Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жастарға барлық мүмкіндік қарастырылды. Ол шәкіртақыны өсіру, білімге, ғылымға мүмкіндік. кәсіпкер жастарды қолдау, жастардың әлеуметтік тұрмысын арттыру, үздік білім ордаларын көбейту, спорт нысандары, заманауи оқу ордалары бәрі бәрі жастардың игілігі үшін жасалады.
Жаңа елдің болашығы Жастар сіздерсіздер! Ұлтжанды, озық ойлы, мықты жастарымыз көп болсын. Ел болашағы үшін ерінбей еңбек етіп, Қазақстанның атын әйгілейтін ұрпақ өссін. Жаңа Қазақстан жастарын қорғайтын, қолдайтын ел! Әділетті мемлекетті бірге құрайық!
Мейрамбек ХОЖАЕВ,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы.