Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ АТАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ АТАСЫ

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ АТАСЫ

      Жуырда ауылымыздағы №34 «Бірлік» атындағы ЖОМ-нің  оқу залында, ұлт мақтанышы, көсемсөздің шебері, Алашорда қозғалысының жетекшісі болған көреген саясатшы болған Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Қазақ әліпбиінің атасы» атты танымдық кешті ұйымдастырдық.
     Бүл іс-шараның мақсаты – жас буынға ұлт ұстазы саналатын А.Байтұрсыновтың саяси өмірі, шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы құнды деректер беру, ұлы тұлғаның өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, оларды өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және олардың танымдық деңгейлерін дамыту болды.
       Танымдық кешті ауылдық округтің әкімі Ләззат Нұртаева мен мектеп директоры Ділмұхаммед Сариев ашып беріп, оқушыларды оқу-білімге шақырып, келешекте өз елдерінің патриоты болумен бірге, жан-жақты білімдар болып өсіп, мемлекетіміздің дамуына А.Байтұрсынов аталары секілді үлкен  үлес қосуға шақырды. Содан кейін оқушыларға ұлы тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері, кітаптары туралы құнды деректер айтылды.
      Өз кезегінде мектеп ұстаздары  Айсапар Әбдірайым мен Рая Ешенкулова және 5,6,9-шы сыныптардың оқушылары  – Нурислам Жумаш, Диана Ахмет, Адина Ахмет, Зарина Абдукрам, Айбек Алиев, Нұргелді Балтабай, Нұрлыхан Әбдікерім, Толқын Мұратбек, Балым Болмағанбет, Айжамал Сәрсенбай, Арай Қалжігіт, Інжу Қалмағанбет, Адина Қалмағанбеттер көсемсөз шебері А.Байтұрсыновтың өмір жолын және кітаптарынан үзінділер оқып беріп, өздерінің қаншалықты білімдар екендіктерін көрсетті. Сол үшін олар Алғыс хаттармен марапатталды.
      Іс-шараны аудандық кітапхананың басшысы Гулмира Ақбаева мен оның орынбасары Жанат Зұлыпхарова апайлар қорытындылады. Олар биыл ЮНЕСКО көлемінде 150 жылдығы аталып өтіп жатқан А.Байтұрсыновтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған осы шараның жоғары деңгейде өткеніне және оқушылардың белсенділігіне өз ризашылықтарын білдірді.
Бибігүл РЫСПАНОВА,
Қ.Пернебаев ауылдық филиал №8 кітапханасының кітапханашысы.
Бірлік ауылдық округі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...