Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 11 МЛН.-НАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 11 МЛН.-НАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 11 МЛН.-НАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

      Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы көрсету бағытында жұмыс нәтижелерімен таныстырды.
      Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100% – ы eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болады. Осы жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80% -ын «смартфон арқылы көрсетуге» көшіру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы eGov Mobile мобильді қосымшасының көмегімен 11 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
      2022 жылы «ҰАТ» АҚ eGov Mobile мобильді қосымшасында QR-код арқылы құжаттарға қол қою мүмкіндігін іске асырды. Бұл механизм Отбасы банкінің жалдамалы тұрғын үйін субсидиялауға  ұсынылған өтінімдерге қол қою үшін, сондай-ақ Жоғарғы соттың жеке кабинетінде (sud.kz) талап-арыздар мен арыздарға қол қоюға және авторизациядан өту үшін пайдаланылады.
       Сонымен қатар, биылғы жылы eGov Mobile қосымшасында бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін проактивті қызмет түрін алу механизмі әзірленді. Проактивті қызметтің ыңғайлығы барлық хабарламалардың нөмірге SMS арқылы да, мобильді қосымшадағы PUSH арқылы да келуінде. Бұл қызмет халық арасында танымал, бала туу жөніндегі проактивті қызмет іске қосылған сәттен бастап 270 мыңнан астам адам оны сәтті пайдаланды.
        «Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, баланың ата-анасына eGov Mobile-ға пуш-хабарлама немесе 1414 телефон нөміріне SMS-хабарлама жібереді, онда қызметті алу үшін сілтеме көрсетіледі, сол сілтемеге өту арқылы қызмет түрін алуға болады. EGov Mobile сілтемесіне өтіп, баланың тегін, атын, әкесінің атын толтыру қажет, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді алу үшін банктік шоттың нөмірін көрсетіп, қызмет түрін алуға қол қою керек. Ата – аналар құжаттарды рәсімдеуге уақыт кетірмей, баласына көбірек уақыт бөле алады», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
       Сондай-ақ, осы жылдың желтоқсан айында eGov Mobile-де «Цифрлық мәліметтер» жаңа бөлімін іске қосу жоспарланып отыр. Сервис мәліметтер мен анықтамалармен алмасудың ыңғайлылығын арттыру мақсатында әзірленетін болады. Мәселен, пайдаланушы цифрлық құжаттар пакетін қолдана алады, ал жұмыс беруші қызметкердің мәліметтері мен мәліметтерінің жиынтығын цифрлық нұсқада сұрата алады.
       «Жақын арада «анықтама берудің» жаңа тәсілін қолдануды жоспарлап отырмыз. Өмірлік жағдайлар бойынша цифрлық мәліметтерді «бөлісу» форматына көшу. Мысалы,  жұмысқа орналасу жағдайында азамат қосымшада біз жинап берген құжаттар пакетін пайдалана алады. Сонымен қатар, ол құжаттарын тікелей eGov Mobile-да бөлісу арқылы жұмыс берушіге жібере алады», – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
       EGov Mobile мобильді қосымшасында 641 мемлекеттік қызмет қолжетімді, оның ішінде 167-сі eGov.kz порталындағы қызмет пен сервис, 474-сі  қызмет e-license порталында  жеке тұлғаларына арналған  кіші түрлері. Қосымшаның көмегімен ай сайын  1,2 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
       EGov mobile мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде 20 құжат бар (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т.б.). Іске қосылған сәттен бастап тек «Цифрлық құжаттар» сервисі 12 млн. рет пайдаланылды.
       Цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады.  Сондай-ақ, президент сайлуындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру кезінде цифрлық куәлікті пайдалануға болады.
                                                                     «ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы. 
www.nitec.kz
 
      Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      Қосымша ақпарат алу үшін ұсынылатын дайланыс деректері: 
Динара МАЖИТОВА, 
press@nitec.kz; +7 (7172) 701665, ішкі. 6104

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...