ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН РОМАН
Posted by: Қалмұрат
in Әдебиет, Білім саласы, Жас буын, Мерекелік шара, Руханият
18/11/2022
16 Views
Жақында біздің кітапханамыздың ұжымы – ауылымыздағы №36 жалпы орта мектептің 6-7 сыныбының оқушылары үшін қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы, есімі әлемге жақсы танымал жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясына қатысты оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.
Бұл іс-шара барысында мектеп оқушыларының назарына алдымен ұсынылған «Бала Абайдан, дана Абайға дейін» тақырыптағы ұлы ақын өмірінің тарихи тізбесіне арналған бейнесюжеттер, Абай әлеміне шарлатып, ұлылықтың сырына қанықтырып, даралықтың қандай болатынын ұғындыратын «Абай жолы» роман-эпопеясының томдары мен сол туындыға қатысты газет-журналдарда жарияланған материалдардан құралған шағын көрме көрсетілді. Сондай-ақ, оқушыларға биыл елімізде 125 жылдығы кең көлемде тойланып жатқан Мұхтар Әуезовтың – «Абай жолын» жазарда қолданған өзіндік әдісі, оның сол заманның болмысын, ұлттық салт-дәстүрлерді, бала Абайдың зерек болып өсуіне ерекше үлесін қосқан әжесі Зере, анасы Ұлжанның образдарын, ұлы ақынның өмірлік және сүйген жарлары Ділдә, Әйгерім, Тоғжан бейнелерін жан-жақты ашып берудегі шебер амал-тәсілдері түсіндірілді.
Осы конференциямызға қатысқан 6-7 сыныптың 24 оқушысы, рухани маңызы ерекше іс-шараға барынша қызығушылықтарын білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жатты және сонымен қатар өздерінің осы роман-эпопеяданың кейіпкерлеріне қатысты пікірлерінде білдірді. Біз де өз кезегімізде конференция барысында белсенділігімен көзге түскен оқырмандарымызға ризашылығымызды білдірдік.
У.ЕРНАЗАРОВА,
Атакент кенті-2, филиал №10-шы кітапханасының кітапханашысы.
"Абай жолы" роман эпопеясы Абай болмысы Мұхтар !уезовке 125 жыл Оқырман конференциясы 2022-11-18