АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Posted by: Қалмұрат
in Business, PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Билік, Кәсіпкерлік
19/11/2022
18 Views
Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінің орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдері мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесіне орай аталған іс-шараны аудан әкімдігі мен ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастырды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру болды.
Жәрмеңке барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдері тұтынушыларға тікелей делдалсыз ұсынылды. Атап айтқанда, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, ақ май, ет, жұмыртқа, қарақұмық, макарон, жеміс-жидек өнімдері т.б. өнімдер базардағы нарықтан 10-15%-ға арзан бағада сатылды.
Атап кетерлігі, жәрмеңкеде жалпы көлемі 10 тоннаға жуық өнім нарықтағыдан төмен бағада сатылды. Қалың жұрт іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, бұл дәрстүрлі жәрмеңке алдағы уақытта да жиі өтіп тұрса деген тілектерін жеткізді.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі Ауыл шаруашылық өнімдері Мақтаарал ауданы 2022-11-19