Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТЕРГЕУ ТҰТҚЫНЫНДАҒЫ ЖӘНЕ СОТ ҮКІМІ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН 908 АЗАМАТ ТА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТЕРГЕУ ТҰТҚЫНЫНДАҒЫ ЖӘНЕ СОТ ҮКІМІ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН 908 АЗАМАТ ТА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ТЕРГЕУ ТҰТҚЫНЫНДАҒЫ ЖӘНЕ СОТ ҮКІМІ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН 908 АЗАМАТ ТА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

       Бүгін Алматы қаласындағы № 72 мекемесіндегі (Тергеу изоляторы) тергеу тұтқынындағылар да ертемен мекемеде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
      ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 104 бабының 3 бөлігінде көзделгендей, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталғандардан басқа күдіктілердің сайлауға қатысуға құқықтары бар. Аталған санатқа тергеу тұтқынындағылар мен соттың үкімі әлі күшіне енбеген, жасы он сегізге толғандар жатады.

      «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған жолдауында Қазақстанда кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтетінін мәлімдеген болатын. Кезектен тыс Президент сайлауын ұйымшылдықпен өткізуге Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесінде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің шешімімен Тергеу изоляторы орналасқан аумақ бойынша №479 сайлау учаскесі құрылып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бекітілді.
      Осыған орай Президент сайлауын өткізу үшін 5 кабина жабдықталды.  Кезектен тыс Президент сайлауы күні 908 тергеу тұтқынындағы және сот үкімі заңды күшіне енбегендер дауыс берді»-дейді № 479 сайлау учаскесінің төрағасы әділет подполковнигі А.Аманжолов.
     Мекемеде ұстау режимін сақтау мақсатында изоляторлардың камераларынан дауыс беретін учаскеге дейін қосымша посттар ұйымдастырылып, дауыс берушілердің қозғалыс маршруты бекітілген.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...