Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
22 ЖЕЛТОҚСАН – АРХИВШІЛЕР КҮНІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » 22 ЖЕЛТОҚСАН – АРХИВШІЛЕР КҮНІ

22 ЖЕЛТОҚСАН – АРХИВШІЛЕР КҮНІ

           Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әрбір ұлт тарихының қазынасы да. Сонымен бірге, ол жер ата-бабаларымыздың құнды тарихын ғана емес, олардың арман-тілегін, ақыл-ойын, даналығы мен даралығын, парасаты мен үлгі-өнеге өсиеттерін сақтап отыратын киелі орын. Осыны ескере отырып, Қазақстан архивтерінің мемлекет тарихының қалыптасудағы рөлі өте зор деп нық сеніммен айта аламыз. Себебі, олар халықтың құжаттық жадын бір талдап жинап, өскелең ұрпақ үшін сақтайды.
          1948 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Халықаралық архивтер кеңесі» құрылса, 2007 жылдың қарашасында Канаданың Квебек қаласындағы Бас ассамблеяда «9 маусым – Халықаралық архивтер күні» деп ресми түрде бекітілді. Ал біздің елімізде архившілер күні 2020 жылы Үкіметіміздің қаулысымен 22 желтоқсан деп бекітілді. Ерте кездерден бері архивтік деректер адамзаттың саяси тарихы, экономикалық және әлеуметтік дамуының құжаттарын жинайтын негізгі мекеме саналып келетіндіктен, «Архивщілер күні» тек сол  сала мамандарының кәсіби мерекесі ғана емес, бүкілхалықтық мереке деп нық сеніммен айтуға болады.
         1990 жыл­дардағы оңтайландыру ісі қол­ға алынған кезде, өкінішке орай архив саласы ең соңғы кезекке ысырылып, тіпті, басқа салалардың мәселесімен де ай­на­лысуға мәжбүр болып кеткендіктен бұл сала құлдырап кеткен болатын. Ал қазіргі таңда жағдай оңалып, архив ісін дамыту мықтап қолға алынғандықтан жандану үстінде. Біздің қызметкерлер алыс-жақын шетелдердің архивтерінде қызметтік тәжірибеден өтіп, кәсіби білім алып, саланы дәстүрге айнала бастаған заманауи форматта дамытуда. Себебі олар мәңгілік сақтауға алынған ұлттық қорды өз істеріне адал беріле отырып көздің қарашығындай қорғау, архив қызметкерлерінің қасиетті борышы екендігін жақсы біледі.
        Қорыта айтсақ,  «Өткен күн – кешегі тарих, келер күн – ертеңгі сыр, бүгінгі күн – үлкен сый» деп Қорқыт атамыз айтқандай, болашақ ұрпаққа рухани мұра қалдыру жолында еңбектене бермекпіз.
Ақбаян ОРТАЕВА,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің Асықата бөлімі архивисі.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Журналистер қазіргі заман ағымына сай жұмыс істеу тәсілін үйренді

        ...

ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...