ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Әлеумет, Қылмыс пен жаза, Маман кеңесі, Өзекті мәселе, Хабарландыру
24/11/2022
58 Views
Құрметті аудан тұрғындары!
2022 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан күндері аралығында республика аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі.
ҚР ІІМ-нің 2022 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күніне орайластырылған, Халықаралық акция шеңберінде және халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оның жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халықтың кең ауқымының назарын аталған проблемаларға аудару, олардың полицияға деген сенім деңгейін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясын өткізу жоспарлануда.
Акция – барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып прокуратура, соттар, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен біргелікте өткізіледі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәрленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар.
Мақтаарал аудандық полиция бөліміне немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арызбен тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторына немесе сенім телефондарына 2-21-02, «102» +7(702)735-62-59, +7(771) 669-77-67 (тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылар үшін) хабарласу қажет.
Курмангазы ТУЗЕЛОВ,
Мақтаарал аудандық Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны.
Әйел құқығы Құқық пен тәртіп 2022-11-24