Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

«ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

        Жолаушылар көлігіндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ, қоғамдық көліктермен және таксилермен жолаушыларды тасымалдау талаптарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласында 05 желтоқсан мен 11 желтоқсан аралығында «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
        «Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлердің азаматтарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр. Қаладағы қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен балаларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар, заңсыз қайта жабдықталған қоғамдық көліктерді, сондай-ақ техникалық жағдайы мен конструкциясы қозғалыс қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін қоғамдық көліктер мен такси көліктерін пайдалануға тыйым салу шаралары қабылданатын болады. Заңсыз келімсектер мен заңсыз тасымалдаушыларды анықтау мақсатында көші-қон полициясымен бірлесіп транзиттік көліктерді тексеру қамтамасыз етіледі. Алдыңғы шептегі бөлімшелердің жеке құрамы бірнеше рет және жүйелі түрде құқық бұзушылық жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдар мен көлік құралдарын анықтау мақсатында барлық тіркеу деректер базасында жүргізушілерді тексеру ұйымдастырылды», – деді, әкімшілік полиция Департаментінде.
         Полицияда, көлікті мас күйінде басқару, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің басқаруы, сақтандыруы жоқ адамның көлік құралын басқаруы, қарама-қарсы жолаққа шығу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін өту ережелерін бұзу, маневр жасау ережелерін бұзу, апаттық жағдай жасау, ұялы телефонды пайдалану, көлік құралының тоқтау және тұраққа қою ережелерін бұзуы, жолаушыларды және габаритті емес жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, сондай-ақ, көлік құралының санатына сәйкес келмейтін габаритті емес жүктерді тасымалдау және т.б., деректерін анықтауға міндетті түрде баса назар аударылатынын түсіндірді.
Алматы қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...