Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕРІ ҚАРАҒАНДЫДА ӨТЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕРІ ҚАРАҒАНДЫДА ӨТЕДІ

«ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕРІ ҚАРАҒАНДЫДА ӨТЕДІ

   
      16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қарағандыда «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының Qazaq club бастамасымен «Тәуелсіздік белгісінің» тұсаукесері өтетін болады.
        Биыл көпшілікке ұсынылғалы отырған «Тәуелсіздік белгісі» осыған дейін 2020 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік лентасының» негізінде жасалды. Төсбелгінің ортасында Қазақстан Республикасының қазіргі жер аумағын бейнелейтін карта көрініс тапқан.
        Сонымен қатар, Қазақстан аумағын біздің жыл санауымызға дейін 5-4 ғасырларда мекен еткен сақтардың Есік қорғанынан табылған Алтын адамы бейнеленген. Бұл қазақ тарихының сақтар заманымен байланысты екенін білдіреді.
        Бұдан кейін белгіде Ғұндар мемлекетінің негізін қалаған Мөде қаған және ғұн мемлекеттілігінің шаңырағы көтерілген б.з.д 209 жыл көрініс тапқан. «Тәуелсіздік белгісіндегі» келесі айтулы дата 552 жыл, яғни Түркі қағанаты құрылған жыл және оның символы Бөрілі байрақ бейнеленген. Бұдан кейін Қазақ хандығының шаңырағы көтерілген 1465 жыл мен Керей мен Жәнібек хандар салынған. Тәуелсіздік белгісіндегі келесі көрнекті тұлға үш жүздің басын қосқан хандардың ханы ұлы Абылай хан мен ол сайланған 1771 жыл, ұлтымыздың Тәуелсіздігі үшін күресіп өткен және Қазақ хандығын қалпына келтірген Кенесары Қасымұлы хан атанған 1841 жыл және Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бастаған Алашорда Үкіметі құрылған 1917 жыл бейнеленген. «Тәуелсіздік белгісінің» жоғарғы жағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жарияланған 1991 жыл көрініс тапқан. Көтеріліп келе жатқан күн қазақ халқы үшін жаңа дәуірдің келгенін, ал ашылып тұрған кітап еліміздің болашағы ғылым – білімде жатқандығына меңзейді.
       Тәуелсіздік белгісінің өн бойындағы ұлттық ою-өрнек біздің ұлттық мәдениетіміз бен болмысымызды әруақытта көздің қарашығындай сақтауға үндейді. Ел игілігіне бағытталған бұл жобаны қаржыландырған «Qazaq club». «Тәуелсіздік белгісі» кеуденің сол жағына жүрек тұсына тағылады. «Тәуелсіздік белгісін» тағып жүру әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік екенін есте сақтау керек. Белгінің иегері онда бейнеленген ұлы тұлғалардың жолын жалғастыруға, сақтауға, оны жас ұрпаққа насихаттауға атсалысуға мүмкіндігі келгенше тырысуы керек.
         «Тәуелсіздік белгісі» Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері күндері, салтанатты шараларда тағуға арналған. Сондай-ақ белгіні ел тарихына құрмет білдіру мақсатында күнделікті тағуға да болады – дейді «Тәуелсіздік белгісінің» авторы Н.Сұршаұлы.
          «Тәуелсіздік белгісі» туралы қызықты ақпараттар Тәуелсіздік белгісінде қазақ тарихына есімдері алтын әріппен жазылған 5 тарихи тұлға мен 8 тарихи дата, ҚР жер аумағын бейнелейтін карта мен Түркі қағанатының Бөрілі байрағы және ұлттық ою-өрнек көрініс тапқан.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...