Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІ БАЛЫКЕСИР МЭРІНЕ ШАПАН ЖАПТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІ БАЛЫКЕСИР МЭРІНЕ ШАПАН ЖАПТЫ

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІ БАЛЫКЕСИР МЭРІНЕ ШАПАН ЖАПТЫ

         Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Түркияның  Балыкесир қаласындағы сапары барысында Балыкесир қаласының мэрі Йүджел Йылмазбен кездесті.
       Кездесу барысында делегация жетекшісі, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Йүджел мырзаға қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп: «Балыкесирдегі бағдарламаның алғашқы күні-ақ қазақ журналистер қаланы қатты ұнатты. Медиа саласындағы серіктестіктің нәтижесінде екі елге пайдалы ортақ жобаларды жүзеге асырамыз. Біздің мақсатымыз – Балыкесирді тану және оны Қазақстанда таныту» деді.
        Қазақ әріптестерімен бірге 4 күн бойы бірге жүріп, туған қаласын танытуға сеп болған Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир: «Түркия мемлекеті үшін маңызды мемлекеттердің бірі – Қазақстаннан келген әріптестерімізді қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл сапар екі мемлекетке де, екі елдің журналистеріне де бір бірімен тығыз араласуына, серіктестік орнатуына пайдалы боларына сенемін», – деді.
        Өз кезегінде Балыкесирдің артықшылықтарына тоқталған мэр Йүджел Йылмаз: «Балыкесир – үш түрлі климат пен үш түрлі географиясы бар өте үлкен әрі әдемі қала. Балыкесирдің көктемі мен күзі, қысы мен жазы бөлек. Бұл мекенде сіздер әр маусымды сезіне аласыздар. Біздің қаланы тануға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Қазақстанға барғасын Балыкесирде бастан кешірген әдемі сәттерді отандастарыңызбен бөліседі, бұл екі бауырлас халық арасындағы ынтымақтастықты нығайтады деген сенімдемін. Алдымен достық қарым-қатынас басталсын,  кейін екі жаққа да тиімді сауда-саттық, серіктестікке ұлассын.  Балыкесирде қазақстандық студенттер бар. Олардың кейбірі Түркияда тұрақтап қалса, кейбірі түрік бауырларға деген дос пейлін еліне ала қайтады», – деді.
       Кездесу соңында Қор басшысы Нәзия Жоямергенқызы делегация мүшелері атынан қала мэріне қазақы шапан жауып, әл-Фарабидің бейнесі салынған кілемшені сыйға тартты.
     Қазақ журналистердің Балыкесирге сапарлауына себепкер болған журналист Левент Караагачқа да делегация шапан жауып, құрмет көрсетті.
       Соңғы жиырма жылдан бері Швейцарияда тұрып жатқан Левент мырза қазақ әріптестері үшін Балыкесирге арнайы келді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...