Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТАУ МЕН ДАЛА ЕЛІНІҢ ҚҰПИЯСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТАУ МЕН ДАЛА ЕЛІНІҢ ҚҰПИЯСЫ

ТАУ МЕН ДАЛА ЕЛІНІҢ ҚҰПИЯСЫ

       Алматы, Қазақстан, 2022 жылғы 27 желтоқсан – «Алмалы кітапхана» кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған “Тау мен дала елінің құпиясы” атты балалар кітабының тұсаукесері және оқылуы өтті. Шараға жинақ авторлары мен танымал қоғам қайраткерлері қатысты.
       “Дала сыры, тау жыры” кітабы – Étage дизайн студиясы “Шеврон” компаниясымен серіктестікте құрған әлеуметтік жобасы. Қазақ және орыс тілдеріндегі бүкіл тираж қоғамға ашық қол жетімді болуы үшін Қазақстанның ірі кітапханаларына, елдің галереялары мен мәдени орталықтарына таратылады.
        “Шеврон” компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханованың айтуынша, компания үшін Қазақстанның жас оқырман, білімпаз буынын дамытуға үлес қосу өте маңызды. “Бүгін серіктестерімізбен бірге мақтанышпен ұсынып отырған кітабымыз – Қазақстан ішінде ертегі кейіпкерлерімен бірге саяхат, таулар мен өзендерді, дала мен көлдерді шарлау, адамның мейірімділігінің ғажайып көрінісі.  Балалар мен ересектер осы кітапты ашып, табиғатымыздың әсемдігіне тамсанып, оның нәзіктігін, ең бастысы, осы табиғат алдындағы біздің жауапкершілігімізді түсінгенін қалаймыз. Бұл шара – Қазақстан қалаларындағы оқу мен кездесулердің ең алғашқысы, және осы кітап өз оқырманын табады деп сенеміз”, – деп қорытындылады Лейла Айтмұханова.
         Қазақстандық авторлардың оқиғалар жинағы мектеп алды, бастауыш мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына арналады. Жинақтың мақсаты – Қазақстан табиғатының әралуандылығын және байлығын көрсету, қазіргі заманмен сабақтастыра отырып, жергілікті мәдениет пен дәстүрді тереңінен таныту. Бұл кітап жас оқырмандарды елді аралауға, контурлы картаға географиялық және жеке жаңалықтарын белгілеуге шақырады. Кітаптағы оқиғалар Қазақстанның әртүрлі табиғи аймақтарында өтеді және оқырманмен бірге “өседі”, ең бірінші ертегілері бүлдіршіндерге қызық болса, соңғы оқиғалардағы кейіпкерлердің мінездері және оқиға желісі күрделеніп, жасы үлкендеу балалардың қызығушылығын оятады.
       “Осындай балаларға арналған кітап шығару сияқты сирек мүмкіндікке біз өте қуаныштымыз. Бұл, өзіңіз білетіндей, ерекше, мейірімді, жарқын әлем, оның кейіпкерлері батыл әрі адал, оқиғалар ғажайыпқа және қызыққа толы, бұл жерде адамша сөйлей алатын Итаюға ешкім таңғалмайды – дейді жинақтың бас редакторы Әсел Жабасова. – Бес жасар және одан сәл үлкен балаларға ата-анасы оқып береді, ал 9-10 жастағы балалар үлкен, суреттері бар кітапқа өз бетімен қызығады. Біз авторлар мен оқиғаларды ертегілері де, кейіпкерлері де әркімнің көңілінен шығатындай етіп таңдадық. Ертегілердің желісі және автор дауыстары әртүрлі болғандықтан, кітап өте қызықты, әрі заманауи болып шыққан сияқты және ол әртүрлі қалалардың кітапханаларында қол жетімді болатыны және оны көптеген бүлдіршін оқырмандар мен олардың ата-аналары оқи алатыны қуантады”.
      Оқиғаларды жеті автор әзірледі: Гүлмира Құсайынова, Елена Клепикова, Ксения Земскова, Майя Акишева, Нұрайна Сәтбаева, Сима Омарқұлова және Тоня Шипулина. Жинақ авторлардың дауысын жеткізу құралы сияқты болып шығарылды және оған қатысуға Қазақстанда және шет елде шығармалары жарық көріп жүрген танымал жазушылар, және оқиға жазу жаңа тәжірибе болған редакторлар мен жас авторлар шақырылды.
       Майя Акишеваның айтуынша балаларға көп кітап шығару керек және олардың тақырыптары және дауыстары әртүрлі болуы керек. “Бұл жерде шектен шығу мүмкін емес, сондықтан әрқайсысы тек мейірімділікке жетелейді. Бұл оқиғалар өзіңе жақсы таныс өмірге ұқсайтыны керемет. Балаларға бұл қызық, олар кітапта және фильмдерде әмбебап халықаралық кейіпкерлерді емес, өзін, өз әлемін көруі керек”, – деді Майя Акишева.
        “Мен әңгімені осы жинаққа арнайы жаздым. Каспий жағалауында жүздеген итбалықтың өлгені туралы жаңалықты оқығанда қатты қиналдым. Сол кезде, біз итбалық өмірі туралы көбірек білсек, оны өз қауымдастығымыздың бірі деп көрсек, оларға көбірек қамқорлық танытар ма едік, деген бір ой келді маған. Осылайша мен осы тақырыпты зерттеп, әңгіме жазуды бастадым. Бізге еліміз, жануарлар, тұрмыс-тіршілік, қарапайым өмір туралы жергілікті авторлардың әңгімелері өте қажет. Кітаптан өзімізді таныған кезде ғана, біздің мәдениетімізде бізге орын барын сезінеміз. Балалар әдебиеті балаларға да, ересектерге де қажет, өйткені әрқайсымыздың ішімізде сол бір кішкентай балақай бар”, – дейді Сима Омарқұлова.
        Кітап иллюстраторы – балалар кітабы графикасында тәжірибесі мол суретші Дарья Мороз. Оның жұмыстарының стилистикасы әңгімелерге мейірімді көңіл күй сыйлайды, жергілікті мәдениет пен табиғаттың ерекшелігін көрсетеді. Иллюстрациялары фактуралы, егжей-тегжейлі, акварельді суреттерді пайдаланып, цифрлық форматта жасалған. Олар мәтінмен үйлесіп, толықтырып, оқырманға әңгіменің желісіне енуге көмектеседі.
Айша ОТЫНБЕКОВА,
Алматы қаласындағы №204 мектебінің
11”А” сынып оқушысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...