«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҒЫ ТУРАЛЫ»
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Қаржы саласы, Маман кеңесі, Өзекті мәселе
11/01/2023
9 Views
2022 жылғы 5 қаңтарда Мемлекет басшысы жеке тұлғаларды банкрот деп тануды көздейтін заң жобасын әзірлеуді тапсырды.
Осы тапсырманы орындау шеңберінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасы әзірленді.
Жаңа Заңды іске асыру мақсаттары:
– азаматтардың борыштық жүктемесін азайту;
– әлеуметтік шиеленісті жеңілдету;
– қарыздар бойынша төлемдерді ынталандыру
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Заң азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің 3 түрін көздейді
-
Соттан тыс банкроттық;
-
Сот банкроттығы;
-
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі.
Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі бастайтынына назар аударамын, яғни несие берушінің борышкерге қатысты аталған рәсімдерді бастауға құқығы жоқ. Көрсетілген рәсімдердің қайсысы борышкер – әлеуетті банкротқа қатысты қолданылуға жатады, оның заңда айқындалған кіріс критерийлеріне сәйкестігіне байланысты.
-
I. Соттан тыс банкроттық
Соттан тыс банкроттықты тек банктер, МКҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.
Азаматтар соттан тыс банкроттықты өтініш берілген күні мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде қолдана алады
Банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 1 600 АЕК-тен аспайды, яғни 2023 жылы өтініш берген кезде – 5 520 000 теңге (2023 жылы АЕК 3450 теңге*1600);
Банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш осындай өтініш берілген күні 12 ай қатарынан ішінде өтелмейді;
Бұл ретте, банктердің, микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың алдында борыштың болуын, борыштың мөлшерін және оның өтелмеу ұзақтығын кредитттік бюро АЖ-мен интеграциялау процессін автоматтандыруға дейін тексеру («Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ,«Бірінші кредиттік бюро» ЖШС) кредиттік бюроларға сұрау салуды қолмен жіберу жолымен жүргізіледі (өзара іс-қимыл тәсілі пысықталады, қосымша жеткізіледі);
-
3. борышкердің меншік құқығында мүлкі, сондай-ақ бірлесіп сатып алынған мүлкі болмауы тиіс;
Борышкерде, сондай-ақ меншік құқығында мүліктін болуын тексеру уәкілетті органдардың деректері негізінде жүргізіледі.
-
банкпен, микроқаржы ұйымымен мерзімі өткен берешекті реттеу рәсімімен өту.
Рәсімнің өткендігін растайтын құжаттар банктің немесе МКҰ-ның шарт талаптарының өзгертуден бас тартуы немесе борышкердің өзінен бас тартуы болып табылады.
Сонымен қатар, жеке опция орнатылған:
– АЕК алушылар үшін (кемінде 6 ай) (мұндай азаматтар бойынша критерий қолданылмайды: 12 ай ішінде төлемнің болмауы);
Соттан тыс банкроттық кезінде қарызды өндіріп алу жүзеге асырылмайтынын атап өткен жөн, өйткені бұл рәсім мүлкі (ақшалай қаражаты) жоқ адамдар үшін.
-
Сот банкроттығы
1 600 АЕК (5,2 млн. теңге) асатын борышы бойынша және борыштардың қалған түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығын қолдана алады.
Сот банкроттығы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсіміне ұқсас жүзеге асырылады, оның мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.
Осы рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылуға жатады. Түскен қаражат белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар алдындағы борыштарды өтеуге жіберіледі. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болмаса, несие берушілер оған талап ете алмайды. Қалған өтелмеген сома борышкердің жосықсыз белгілері болмаған жағдайда кешірілуге жатады (мүлікті немесе ол туралы ақпаратты жасыру, жалған ақпарат беру және т.б.). Сіздің назарыңызды алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал бойынша, сондай-ақ борышкерді әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту қорытындылары бойынша пайда болған жағдайда кешірімге жатпайтындығына атап кетеміз.
Сот банкроттығы рәсімін құрамына кіретін қаржы басқарушылары жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар мен ЖК банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
Кәсіби бухгалтерлер;
Заң кеңесшілері;
Аудиторлар.
III Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Сотпен қарастырылады өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Бұл тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейтін (5 жылға дейін) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.
Бұл процедураның артықшылығы – одан кейін адамға «банкрот» мәртебесі берілмейді, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.
Тиісінше, бұл процедура оңалту процедурасына ұқсас.
Банкроттық рәсімін қолданудың салдары:
1.Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады
2.Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады
3.Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.
Нурлан АГМАНОВ,
Мақтаарал ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы.
банкроттық туралы Өзін қалай банкрот деп тануға болады? Пайдалы кеңестер 2023-01-11