Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау», «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» бағдарламалары бойынша агроқұрылымдарға субсидиялаудың жаңа ақпараттық жүйесі (gosagro.kz) арқылы мемлекеттік қолдау (субсидия) көрсету жоспарлануда.
Бүгінгі күнге субсидиялаудың жаңа ақпараттық жүйесімен (gosagro.kz) қатар, субсидиялаудың жаңа Қағидасы әзірленуде. Жаңа қағида жобасына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында биылғы жылдан бастап өтпелі өтінімдер (переводная заявка) толықтай жойылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.
Сондай-ақ мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді алу үшін тынайтқыштарды, тұқымдарды және пестицидтерді толық құнына сатып алып, тікелей өтінім тапсыру арқылы тиесілі қаржы көлемі(субсидия) өтінім тапсырушының жеке шотына түсетін болады.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.