ВАКЦИНАЦИЯ – ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ШАРАСЫ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Денсаулық, Жас буын, Маман кеңесі, Өзекті мәселе
16/01/2023
4 Views
Жаңа туылған бала өмірінің алғашқы айларында анасынан плацента арқылы қабылдаған антиденелер көмегімен көптеген жұқпалардан қорғаныста болады. Ал баланың өз денесі антиденелерді аурулар қоздырғыштармен кездескен кезде немесе егуден (прививка) кейін ғана түзеді.
Өкінішке орай, бүгінгі күні балалар мүгедектігіне немесе олардың өліміне әкеп соғатын аурулар көптеп кездеседі. Олардың арасындағы ең қауіптілері:
– сал ауруы;
– қызылша;
– күл;
– көкжөтел;
– сіреспе;
– туберкулез;
– вирусты гепатит «В»;
– эпидемиялық паратит.
Бұл аурулардың алдын иммунизация арқылы алуға болады.
Иммунизация негізінде адамға аурудың қоздырғышы болып табылатын микроорганизмнің әлсіреп немесе өлтірілген түрлерінен жасалынған вакцина енгізіледі. Мұндай вакциналар әдетте иньекциялар арқылы немес ауыз арқылы енгізіледі. Вакцина көмегімен бала ағзасы антиденелер түзеді; бірақ бұл кезде ауру пайда болмайды. Соның арқасында бала иммунитетке ие болып, келешекте сондай кеселдерден қорғаныста болады.
Бүгінгі таңда кеңейтілген иммунизация бағдарламасы (РПИ) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы болып табылады; оның негізгі мақсаты – бүкіл әлемдегі балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммунизациялау. Осы бағдарламаның нәтижесінде қазіргі күнде әлемнің көптеген елдерінде жас балалар түрлі кеселдерден қорғалып отыр.
Егер де балаларыңыз егулер алмаған болса, онда тұрғылықты жерлеріңіздегі емдеу мекемелеріңізге барып, оларға қажетті егулерді жасауға кеңес береміз.
А.АБИЛДАЕВА,
Мақтаарал аудандық СЭББ-тің бас маманы.
Алдын ала егу жұмыстары Вакцинизация 2023-01-16