Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ АЗАЙҒАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ АЗАЙҒАН

ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ АЗАЙҒАН

        Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қатаң талаптар қоятыны айтылған. Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне ерекше мән береді.
       Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне қоғамдық бақылау артып отыр.
        Бүгінде түрлі әлеуметтік желілер қарапайым халық өз пікірін ашық айта алатын бірден-бір құрал болып тұр. Демек, әлеуметтік желілер арқылы қоғамның өзекті мәселелерін, мемлекеттік қызметшінің тарапынан қандай ерсі қылықтар орын алатып жатқанын көруге болады. Өз кезегінде, Департамент тарапынан да әлеуметтік желілерде ресми парақшалар ашылып, бүгінгі күні азаматтардың өтініштеріне жедел түрде жауаптар ұсынылуда.
        Мемлекеттік қызметші – биліктің айнасы, оның түр сипаты болып табылады. Алайда, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілер күнделікті қызметінде, халықпен кездесу барысында өзін-өзі ұстау мен көпшілік алдында сөйлеу кезінде әдеп нормаларына сай келе бермейтін түрлі кемшіліктерге жол беретін кездер көрініс табуда. Осыған орай, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектерулерді сақтауға міндетті. Әрқашанда қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби, жоғары дәрежеде көрсете білуі тиіс.
        Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын-алуға бағытталған.
        Мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексін сақтау өте маңызды, себебі ол тікелей адаммен жұмыс жасайды және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарады. Сондықтан, мемлекеттік қызметшінің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы мәдениеттің үздік үлгісіне айналуы керек. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметші қоғам мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдары мен өзге де нормативті-құқықтық актілер талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жалпы қағидаттар мен адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста жоғары парасатты, мәдениетті болуға талпынуы тиіс.
      Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен аталған бұзушылықтардың санын азайту мақсатында профилактикалық бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Нәтижесінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңТүркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қаралған мәселелер саны өткен жылмен салтыстырғанда21%-ға , ал мемлекеттік қызметшідердің Әдеп кодексінің талаптарын бұзу деректеріне қатысты тәртіптік істер саны 14%-ға төмендегенін атап өту қажет.
         Еліміздің ертеңі – бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің парасаты мен ар-ожданына және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, елге адалдық пен абыроймен қызмет етуіміз керек.
Ернұр ЖҰМАТАЙ,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...