ЖАСТАР! СІЗДЕРДІ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КҮТУДЕ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Анонсы, Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Хабарландыру
19/01/2023
6 Views
Офицер кәсібі көптеген жасөспірімдердің арманы. Олар бұл армандарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің төмендегідей оқу орындарына түсу арқылы жүзеге асыра алады.
-
Құрлық әскерлері әскери институты; (Алматы қ.)
-
Әуе қорғаныс күштер институты; (Ақтөбе қ.)
-
Радиоэлектрондық және байланыс әскери инженерлік институты;(Алматы қ.)
-
Ш.Уалиханов атындағы ҚР, ҚК Кадет корпусы; (Көкшетау қ.)
Бұл оқу орындарында оқу мерзімі 4-5 жыл. Жоғарғы әскери оқу орнын бітіргендерге тиісті мамандығына қоса офицер атағы беріледі.
Әскери оқу орнына түсуге ниет білдіруші 17-21 жастағы орта білімі бар азаматтар, аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығына өтініш жазады. Онда аты-жөні, тегі, туылған жылы, мекен жайы және оның түсуге ниет білдірген оқу орнының атауы көрсетіледі. Әскери оқу орнына түсушілердің құжаттарын қабылдау комиссиясында қаралып шешім шығарылады.
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі талапкерлердің құжаттарын тексереді және үміткерлердің әскери оқу орнына түсуге жарамдылығын анықтау үшін медициналық дәрігерлік комиссияға жіберіледі.
Құжаттарын өткізген талапкерлер облыстық дәрігерлік сараптау комиссиясынан өтеді. Одан әскери қызметке жарамды деп табылса шілде айында Республикалық сараптау комиссиясына шақырылады. Азаматтардың білімін тексеру, яғни жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандары сараптау комиссиясынан кейін болады.
Офицер болу жоғары біліктілікті, ізденгіштікті, сабырлықты, қандай іске болмасын төзімділікті талап етеді. Сонымен қатар, денінің саулығы мен спортшы болуы да назардан тыс қалмайды.
Қорытындылай айтқанда барлық сынаққа төзе біліп, қабылдау емтихандарынан өткен талапкерлер ғана әскери оқу орнына түсе алады. Ендеше, әскери қызметкер боламын деген талапкерлер Тәуелсіз Қазақстанның тыныштығын, бейбіт өмірін қорғаймын деген жастар бағын сынауына болады!
Түркістан облыстық ҚІЖД баспасөз қызметі.
Әскери оқу орындарына шақыру Құрметті мамандық Офицер 2023-01-19