Мақтаарал ауданындағы «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуған арналған жеңілдетілген нисие алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларға 3 бағытта қызмет көрсетуде.
Олар консалтинг бөлімі, жобалдарды жасау және сүйемелдеу бөлімі, сонымен қатар рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлімдері арқылы кәсібін жаңадан ашпақ болған азаматтар мен жүріп тұрған бизнесін дамыту бойынша тиісті көмектерге ие бола алады.
«2022 жылдың қортындысы бойынша жобаларды сүйемелдеу бөлімі арқылы 52 бизнес жоспары жасалынып, 24 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды. Оның ішінде мал және егін шаруашылығын дамытуға басым сұраныстар түскен. Жалпы сүйемелденген жоба соммасы – 201 млн теңгеден асады» – дейді «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің Мақтаарал аудандық бөлім басшысы Нұрсұлтан Батырбекұлы.
Рұқсат құжаттарын рәсімдеп беру, яғни кепілге қойылатын мүлік құжаттарын сенімхат негізінде заңдастырылып, 900-ден астам азамат-азаматшаларға кеңес беріліп, 21 жеке және заңды тұлғаларға рұқсат құжаттарын рәсімдеуге қажетті көмектер көрсетілген.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.