Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕРВИС - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕРВИС

ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕРВИС

        Жаңа сервис шетелдік нөмірлік белгілері бар көлік құралын заңдастыруға рұқсат алуға мүмкіндік береді. Электрондық үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында аталмыш сервис жеке тұлғалар үшін 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап 1 шілдеге дейін қолжетімді болады.
       ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №13 қаулысына сәйкес, қазақстандықтар Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктерді eGov.kz порталының  «Автокөлікті заңдастыру үшін тексеру» атты жаңа сервисі арқылы заңдастыра алады. Жаңа сервис тек электрондық өтініш беруге арналған. Өтініш бойынша B (жеңіл автомобильдер) және D1 (микроавтобустар) санатындағы көлік құралдарының мынадай талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылады:
  • көлік құралын 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелу;
  • көлік құралына қылмыстық белгілердің болмауы;
  • кедендік тазартудың болуы.
        Жаңа сервисті Электрондық үкімет порталыныңбасты бетіндегі «Сервистер» бөлімінен және «Көлік және коммуникациялар» – «Автомобиль көлігі» бөлімінен табуға болады. Сонымен қатар, осы сервис eGov Mobile мобильді қосымшасының «Жүргізу және көлік» бөлімінде қолжетімді.
        «ҰАТ» АҚ командасы ҚР ЦДИАӨМ және ҚР ІІМ-мен бірлесіп eGov.kz порталында электрондық өтініш беру үшін жаңа сервисті жүзеге асырды. Шетелдік автокөліктерді заңдастыру рәсімі екі кезеңде жүреді. Автокөлік иелері алдымен eGov.kz порталында өтініш беру қажет, содан кейін автокөлікті тексеру, көлік құралын тексеруден өткізу, тіркеу алымын төлеу және мемлекеттік нөмірді алу үшін Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
          EGov.kz порталында электрондық өтініш беру үшін көлік иесі мына талаптарды орындау керек:
  • тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелу;
  • Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
  • мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркеудің болуы;
  • автокөліктің және көлік құралының бұрынғы иесі туралы барлық қажетті мәліметтерді толтыру;
  • тексеруге сұрау жіберу;
  • көлік құралын тексеруден өткізу үшін Арнайы ХҚКО-ға электрондық кезекті брондау.
       Қызмет көрсету нәтижесі eGov.kz пайдаланушыcының жеке кабинетіне 15 минут ішінде Хабарлама ретінде жіберіледі немесе бас тарту туралы дәлелді жауап ретінде келеді.
       Хабарламаны алғаннан кейін автомобиль иесіне автокөлікті тексеру, көлік құралын тіркеуден өткізу, 200 мың теңге мөлшерінде тіркеу алымын төлеу, мемлекеттік нөмір мен көлік құралының куәлігін алу үшін Арнайы ХҚКО жанындағы тексеру пункттеріне көлік құралын ұсыну қажет.
          Жаңа сервис «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
         Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
       Әлеуметтік желілерге белсенді сілтемелер:
https://www.facebook.com/nitec.kz?mibextid=LQQJ4d
https://instagram.com/nitec_kz?igshid=YTY2NzY3YTc=
Қосымша ақпарат алу үшін:
Динара МАЖИТОВА,
press@nitec.kz; +7 (7172) 701665 ішкі. 6104

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...