Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУ ТӘРТІБІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУ ТӘРТІБІ

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУ ТӘРТІБІ

        Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы 26 бұйрығының негізінде, мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек ұсыну, сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз ету,жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.
     Осы аталған қызметтерді алу үшін өтініш беруші Веб-портал арқылы жүгінуге немесе «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын, мүгедектігі бар адамның тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне өтінішпен және мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:
      1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;
      2) мүгедектікті белгілеу туралы;
      3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салулардықалыптастырады. Жұмыспен қамту бөлімі өтініш берушінің веб-порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жібереді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың топтамасы сәйкес келген жағдайда жұмыспен қамту бөлімі он жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, қорытындысы бойынша өтініш берушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама береді.    Портал арқылы ұсынған кезде – нысан бойынша өнім берушіден порталда аталған қызметті растау туралы хабарлама ұсынады. Мобильді азаматтар базасында өтініш берушінің абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, оның абоненттік нөміріне «Е-Собес» ААЖ-дан порталда авторизациялау және өнім берушіні таңдау қажеттілігі туралы смс-хабарлама жіберіледі. Порталда өнім берушіні таңдауды өтініш беруші ОЖБ іс-шараларының порталға жіберілгені туралы хабарлаған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады. Өтініш берушінің интернет-ресурсқа қолжетімділігі болмаған кезде, өтініш беруші Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің, халықты жұмыспен қамту орталығының, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді. Өтініш беруші өнім берушіні таңдамаған кезде ОЖБ деректері порталға берілген күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушінің абоненттік нөміріне «Е-Собес» ААЖ-дан келесі ай ішінде порталда өнім берушіні таңдау қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберіледі. Өтініш беруші порталда «Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығымен (бұдан әрі – 14 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19902 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ЭЦҚ-мен қол қойылған кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтінішке бір мезгілде қол қоя отырып, өнім берушіге қызметті ұсыну тапсырысын ресімдейді және жібереді.  Өнім беруші тапсырыс түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде порталда қарайды және «пайдаланушының жеке кабинетіне» өнім берушінің ЭЦҚ қойылған қызметті растау туралы хабарламаны немесе бас тарту туралы хабарламаны жібереді:
       2021 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтер үшін әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды.
   Порталда жұмыс істеу үшін порталға қатысушылар келесі әрекеттердің жиынтығын жасайды:
      1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық қамтылымды орнатады;
      2) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын алады;
      3) https://aleumet.egov.kz/ мекенжайы бойынша порталда тіркеу рәсімдерінен өтеді.
      Ж.АЛИПОВА,
Мақтараал аудандық ЖҚжӘБ бөлімінің жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...