Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТАР ТАЛАСЫП ТОЗАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ТАР ТАЛАСЫП ТОЗАДЫ

ТАР ТАЛАСЫП ТОЗАДЫ

       Елімізде саяси реформалар жалғасуда. 2022 жылдың 20 қарашасында Президент сайлауы өтті. Әлемдік деңгейдегі сын-қатерлер аясындағы біздің жаңа тарихымыз бен тағдырымыздың ең бір өзекті сәті осы болар-ау деп топшыладым. Аллаға шүкір қалың бұқара өз таңдауын дұрыс тауып, оңтайлы шешім қабылдағанының куәсі болдық. Бұл саяси жүйені толықтай серпілтуге бағытталған қадамымыз. Елдің басшысы – алқалаған әлеумет мүддесін орындаушы. Сондықтан да мемлекетіміздің сын сағатында бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алып, елдің бұрынғы-кейінгі қордаланып қорғасындай қатып қалған өте өзекті әрі өткір мәселелерін оңтайлы шешуге жұмылуы – маңызды бағадар деп біліуге тиіспіз.
         Өткен барыс жылының төртінші тоқсанынан хабардар қауым жаһан өрісіне себепші үш алып елмен арадағы байланысымыздың жаңа кезеңін өте жақсы аңғара алды. Қытай басшысы Си Цзиньпин қазақ еліне ресми сапары қарсаңында жариялаған мақаласында шекаралас екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың тарихи тамырын тереңнен тартты. Бүгінгі жеткен жетістікті айтты. Жаңғыруымыз бен қауіпсіздігімізді қамтамасыз етудегі Қ.Тоқаевтың ерен еңбегін барынша қолдайтынын ашып айтты. Мұны құдайы күнгі көрші ақысы ғана емес, халықаралық деңгейдегі саяси тәуелсіз зор баға демей не дейсіз қанекей!
       Жаһандық күрделі текетірестің жұп-жуан бел ортасында жүрген Ресей президенті Владимир Путин де Қазақстандағы саяси реформалар мен жаңашыл да жасампаз ізденістеріміздің ТМД, ШЫҰ аясында оң нәтиже бергеніне елеулі дәлелдер келтірді. Әлемдегі ең ықпалды мемлекеттердің басшылары берген бағаны місе тұтпай өздерінің бірі мұхиттың арғы жағындағы АҚШ-тан, ендігі біреуі Еуропа төріндегі Парижден әлеуметтік желі арқылы қазақ жұртының бірлігіне, сеніміне селкеу түсіріп, сына қаққысы келетінін әркім арқилы қабылдайтыны да даусыз дүние. Байырғы бабаларымыздың «Тар таласып тозар, кең кеңесіп озар» деген даналығы болушы еді ғой. Әлемде қырғи-қабақ әрекет қайта жаңданған тұста ел ішіне іріткі салудың не керегі бар ?!! Қайта Еуразия өтіндегі тарихи толғамалы Қазақстанның ашықтық пен шынайы достыққа негізделген ұстанымынан ұтылып қалған қай көршіні көргеніңіз бар екенін есімізден бір сәтке де шығармауымыз керекті екендігін шегендейік те. Жер жерлерде ауыл, кент, қала әкімдерін ашық сайлау арқылы таңдау құқығы қалық бұқараға берілуде. Биылғы қоян жылынан бастап аудан, облыс әкімдерін халық сайлайды. Осындай да әркім, әр топ, өз кандидатын қолдап дауыс берері анық. Бірақ та қолынан келмейтін іске ұрынатын шолақ белсенділердің де арамыздан шығуы бек мүмкін ғой. Ой өрісі оқшолақтау, іштар күншіл аяқтан шалуды шебер орындайтын, желі арқылы қиқу салатындар да табылады.
        Жаңа Қазақстанды құрушылар ашық, адал, әділетті, пайым-парасатты, білім-білігіне шебер үйлесетін жандар. Олар өздерінің жеке басының мүддесінен гөрі халықтың мұң-мұқтажын жоғары қояды.Сөйтіп әсте-әсте әділдік атаулының өрісі кеңейеді. Осылайша  ел аманатын арқалаушы атпал азаматтарымыз Ұлы даланың төсінде талай-талай уақыт жанымызға жалау, өрімізге өріс болары сөзсіз емес пе ?! Иә, өрімізге өріс, жанымызға жалау болған кейбір арыстарымыздың жапа шегіп репрессия мен солақай саясаттың құрбанына айналғанына тарих куә.
       Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ильяс Жансүгіровтар т.б. қазақтың бейбіт,тәуелсіз, бодандық құрсауынан құтылу жолын аңсады ғой.Сол үшін олар жанын да, арын да бәрінде аямады. Ұлт зиялыларының, атпал азаматтардың жауы қашан да, қай заманда да көп болғаны белгілі. Әйтпесе осындай арыстарымызға «халық жауы» деген ат берілетінбеді?! Ол аз дегендей АЛЖИР мен КарЛаг-ты арнайы ашқанына қалай күймейсің?! Ақмола облысының Целиноград ауданының орталығында әлгі атың өшкір Алжир деген түрме бар. Бұл мекеме «Акмолинский лагерь жел изменников Родины» деген атаумен аталды. Мұнда қаншама қазақ қайсар қыздарын борап тұрған ақтүтек боранда аяусыз азаптады. 40 градустық қыстың қара суығына тоңдырды. Қабаған иттерге қаптырды.  Бұл бейкүнә байғұстарды осыншама дәрежеде аяусыз азаптайтындай өкімет алдында қаншалықты қылмысы бар еді?!! Бұны кәдімгі фашизммен пара-пар көрініс демей не дейсің. Геноцидтің туының желбірегеніне өзіміздің іштар, күншіл, көреалмаушы қазақтарымыздың да қосқан үлесі бар. Біз мұны жасырмай ашық айтуымыз керек. Себебі, қазақты ұстап берген – қазақ. Жә, жетер,  жаба жасырмайық өз мінімізді. Бұл бұл ма…
         Сорақылығы сол кезінде кемеңгер Абайдың өзін айналасындағылар түсінгісі келмеді. Ойы озық, табиғатынан бітім-болмысы бөлек дарын иесін, ақылдан айныған деп, көреалмаушылық танытты. Осы орайда күйінген ақын қараңғы халыққа өзінің қара сөздерін жазып қалдыруға бекінді. Сөйтті де, Мағжан ақынның да өмірі өкінішті. Мұнда да тарлардың таласынан тағаты таусылған, тозған қазақ ауылының бетбейнесін көреміз. Кеңес өкіметі тұсындағы Сталиннің Голощекиннің қолымен от кесеуі қаншама қазақты қырды. Қолдан қасақана жасалған ашаршылықтан көп қазақтың көзі жойылды. Бір айта кетерлігі, Ақтабан шұбырындыны, Кеңес қырғынын, екінші дүниежүзілік соғыстың кесірінен біздер миллиондаған қазағымыздан айырылдық. Ал біздің көршілеріміз өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмендер мұндай құқайларды көрмеді. Қазақтың саны бүгінде кем дегенде 50 миллионнан асып жығылып, біздер өзбектерден көп болар едік. Менің ойыма осындай да талантты ақын Махамбет Сапармұратовтың:
«Жау іздеудің керегі жоқ жырақтан,
Кезігерсің қадам бассаң бір аттам.
Қазақтардың күншілизм кеселі,
Қауіптірек туберкулез, рактан!» деген өлең жолдары ойыма орала кетеді.
       Ия, тақталастықпен басқталастың арасы тым жақын. Атақ үшін, даңқ үшін, даңғазағойлық үшін, мансап үшін ақшасын да, туысын да, жақын-жора жолдасын да бір пәсте сатып кетуге тас түйін дайын тұратындардың қатары көбеюде. Мұнысын олар ар көрмейді. Бәсеке деп түсінеді. Бәсекелесі жайлы небір компроматтар қолданады. Керек десеңіз әлеуметтік желіде тарату үшін арнайы адам да жалдап жатады. Қиыннан қиыстырып, өтірік-шынын араластыра қойыртпықтаумен әуре-сарсаңға түседі. Осылайша үлкендеу лауазымға қолы жете қалса, ойлағаны қармап-қарпу болары даусыз. Әрине ақылды дүние билейтіні белгілі.
         Алайда, сол дүние шіркіннің қандай жолмен келуі тиіс. Осы тұста біздің тәуелсіздік алған тұсымызды еске түсірейікші. Қолында билігі бар үлкен үлкен шенділер болмашы ғана ақшаға алып кәсіпорындарды, зауыт, фабрикаларды, мың гектарлап жерлерді жекешелендірді. Қара халық болса бәрінен қалыс қалды. Жаппай әділетсіздік орнады. Кейбір пысықайлар лотерея ойнатып ескі шетел жеңіл көліктерін ойынға шығарып жатты. Бәрінің көктені күткен пайда, көлденең табыс. Ұтыстан тапқан көп қаражатының тым құрығанда 1% салыққа құю дегенді бұлар білмеді. Білмеді дейміз-ау, білді. Ескермеді, елемеді. Қазіргі күнгі Астанада метро құрылысын жүргізген алаяқ іздеуде. Ізім-қайым жоқ болды. Сол ЛТД деген пәленің бізге қаншалықты керегі бар еді деп күйінеді қара халық. «Жаны ауырмастың қасында басың ауырмасын» дегеннің кейпі ғой бұл.
          Франциядан, АҚШ-тан, Австриядан біздің елден қашқын жемқорларды елге экстрадациялау бойынша бас прокуратура жұмыс істеп жатыр. Желі арқылы халықтың санасына сына қағып, селкеу түсіретін, елді алауыздыққа үгіттейтін әрекеттер біз сияқты енді ғана әділет салтанат құрады деушілерге орасан зор зиянын тигізуде. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясына барған сапары кезінде АҚШ-тың Politico газетіне берген сұхбатында «Ұлттық ой-санамыз кейінгі жылдары бастан өткерген терең әлеуметтік өзгерістерден, экономикалық және қауіпсіздік дағдарысынан туындаған, бәрінен гөрі біз әлдеқайда әділетті, әрбір азаматқа қызмет ететін ел құруымыз керек екенін айқындаған түбегейлі өзгеріс деңгейіне көтерілді деп санаймын» деп атап көрсетті. Ал, БҰҰ 77- сессиясының пікір алмасу алаңындағы: Қазақстан Президенті ретіндегі ұстанымым – әрбір азамат тең мүмкіндіктерге ие әрі құқығы қорғалаған әділетті Қазақстанды құру. Менің елімде әділдік салтанат құруы керек. Заң мен тәртіп қоғамымыздың негізі болады. Бұл жолымыздың ең маңызды бөлігі – трансформациялық саяси реформалар. Алдағы айларда  Парламент сайлауы өтеді. Бұл – Қазақстанда демократияны дамытудағы нағыз серпіліс деген сөз. Америка мен әлемнің жетекші мемлекеттеріне ел ұстанымын танытудың өркениетті жолы еді.
      Таяудағы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының жетінші сьезіне қатысқан ірі рухани тұлғалар да Қазақстандағы береке-бірліктің, саяси трансформацияның жаңа кезеңіне көзі жетіп, көңілі сенді. Бұл – еліміздің зор абыройы. Ия, қазір қоғамымыз жаңару үдерісін бастан кешуде. Билік пен әлеумет үдемелі, сапалы саяси қарым-қатынас деңгейіне бет түзеді. Мұның қос тарапқа да сын һәм сынақ екені айтпаса да түсінікті.
        Біз қатып сеніп қалған бұрынғы басты ұстанымымыздан кіндігімізді біржолата үздік. Мұны тәуекелмен бірге қайыры бар екенін де сезіне білгеніміз абзал. Ол қайырдың атауы – әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам. Қарапайым жұртшылық, зиялы қауым Қазақстан жаңаруының ақиқатына сене бастады. «Игілік басы – ынтымақ» дегенді әсілі осындай да айтса керек. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек» , деп жазып еді. Ендеше дәл бүгін біз сенімсіздік пен пен күдікке жол берген уақытты артқа тастап, сенім мен әділетке иек артайық. Адамның адал ниетіне құт қонады, қоғамның байыпты байламына бақ тұрақтайды.
Жеңіс СЕРІКБАЙҰЛЫ, Жетісай.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...