ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ АЙТУЛЫ ДАТАЛАР
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Қоғам, Мерекелік шара, Саясат
31/01/2023
6 Views
10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні. (Бұл күні 1915 жылы қазақтың дарынды жазушысы Ілияс Есенберлин дүниеге келді. Ілияс Есенберлинге дейін қазақ әдебиетінде елдің тұтас тарихын тарихы туралы кітап болмаған. Оның кітаптары моңғол дәуіріне дейін Ұлы Дала көшпенділері, Шыңғысхан мен Алтын Орда дәуірі, XV – XVI ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы, оның көптеген жылдар бойы жоңғарлармен шайқастары, қазақ даласының Ресейге қосылған заманы туралы сыр шертеді.)
1 ақпан – Ұлт денсаулығы күні
2 ақпан – Қазақ баспасөзі күні (Бұл күні 1913 жылғы 2 ақпанда Алаш қайраткерлерінің бастамасымен «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді)
15 ақпан – Ұлттық тарих күні және Тарихи жадыны жаңғырту күні (бұл күні 1915 жылы қазақтың дарынды тарихшысы Е.Бекмахан дүниеге келді)
27 ақпан – Салт-дәстүр күні
14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі
22 наурыз – Әз Наурыз
1 сәуір – Қазақ өнері күні (бұл күні 1925 жылы қазақтың дарынды дирижері Н.Тілендиев туған),
9 сәуір – Ұлттық тағамдар күні
12 сәуір – Қазақ ғалымдары күні (бұл күні 1899 жылы қазақ ғалымы Қаныш Сәтбай туған)
15 сәуір – Ғашықтар күні, Селт еткізер – Кестелі орамал күні
24 сәуір – Ұлт қайраткерлері күні (бұл күні 1883 жылы қоғам қайраткері Х.Досмұхамед туған),
15 мамыр – Аяулы қазақ қыздары күні (бұл күні 1922 жылы қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспан туған),
22 мамыр – Қымызмұрындық мерекесі,
13 маусым – Қазақ халқы күні (бұл күні 1911 жылы Барлыбек Сырттанұлының бастамасымен Қазақ елінің жарғысы,тұңғыш кәсіби конституциясы жазылды),
25 маусым – Шаңырақ көтеру және Қазақ отбасы күні
30 маусым – Қазақ құрылтайы күні (Бұрынғы уақытта құрылтайда елдік мәселелер қарастырылатын болған. Мысалы 1206 жылғы құрылтайда Шыңғыс Есугейұлы ұлы хан болып тағайындалды. Ал 1726 жылы Ордабасыдағы құрылтайда қазақтар жоңғар басқыншыларына қарсы бірлескен күрес жүргізу туралы шешім қабылдап, Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды.)
15 шілде – Ұлы Асар күні
27 шілде- Бабалар күні
7 тамыз – Ұлттық ойындар күні,
24-26 тамыз -Туған жер күні (бұл күні 1920 жылы Ә.Ермек, Алаш зиялылары Қазақ елінің шекарасын белгілеу ісін қолға алды)
9 қыркүйек – Алаш ұраны күні
15 қыркүйек- Ел бірлігі және Қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілген күн.
1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкіл қазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді.
2 қазан – Қазақ ғарышкерлері күні (бұл күні 1991 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкір ғарышқа ұшты.)
15 қазан – Қазақ тілі күні (Бұл күні 1894 жылы қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин туған).
19 қазан – Қазақ жігіттері күні (Бұл күні 1924 жылы батыр Рақымжан Қошқарбай туған)
1 қараша – Сыртқы және ішкі теріс әсерлерді алдын алу күні (қоғамдағы жетімдер, қарттар үйлері, жас отбасылардың ажырасу жағдайларын, жастар арасындағы нашақорлық т.б теріс жайттарды алдын алу)
15 қараша – Батырлар күні (Бұл күні 1915 жылы Ұлы Отан соғысының батыры Мәлік Ғабдуллин туған)
25 қараша – Түркі дүниесі күні (Бұл күні 1891 жылы ғалым В.Томсен Түркі жазуының құпиясын ашты.)
7 желтоқсан – Ақсақалдар және бата беру күні
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
18 желтоқсан – Тәуелсіздік үшін күрескен ұлт қайраткерлерін еске алу күні.
Н.СҰРШАҰЛЫ.
2023-01-31