СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ КЕРЕК
Posted by: Қалмұрат
in Билік, Қылмыс пен жаза, Маман кеңесі, Өзекті мәселе, Саясат
31/01/2023
9 Views
Бүгінде сыбайлас жемқорлық түріне – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заңбұзушылықтарды жасыру үшін азаматтардан ақша бопсалау, заңсыз жолмен табылған ақшаның депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау жатса, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу.
Қазақстанда негізгі сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс түрлеріне – қызмет орнын, өкілеттігін пайдалану; билігін не қызмет өкілеттігін пайдалану; лауазымды тұлғаның өкілеттігін пайдалану; заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу; заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу; – пара алу; пара беру; бопсалауда арада жүру; қызмет орнында алдау; қызмет орнындағы әрекетсіздік пен немқұрайлылық жатады.
Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандар үшін ескі мерзім түсінігі болмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салынған, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынады. Жыл сайын мыңдаған адам (шенеуніктер де, азаматтар да) сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Егерде сіз қандай да бір ұйым, мекемеде жемқорлық, бопсалаушылық, пара алу, пара беру және т.б. сыбайлас жемқорлық көрінісіне тап болсаңыз, бұл жайлы шұғыл түрде тиісті орындарға хабарлаңыз.
А.КОШКАРОВ,
Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы.
сыбайлас жемқорлық туралы мақала Сыбайластыққа жол жоқ 2023-01-31