БҰЛ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС
Posted by: Қалмұрат
in Билік, Қылмыс пен жаза, Маман кеңесі, Өзекті мәселе, Саясат
31/01/2023
2 Views
Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Сол үшін алдымен қоғамның жегі құрты саналатын сыбайлас жемқорлықпен аянбай күрес жүргізуіміз қажет.
Егемендікке қол жеткізген кезден бері жемқорлыққа қарсы елімізде ауқымды жұмыстар жүргізуде. Бізде Кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданды, бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет.
Қорыта айтсақ, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Осы күрес барысында БАҚ пен әлеуметтік желілер айтапррлықтай көмек көрсетуге қауқарлы. Сол себепті оны тиімді пайдалануға тиіспіз.
Н.АБДЫКАДЫРОВ,
Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті әкімі аппаратының бас маман-заңгері.
Коррупция Қоғам дерті Сыбайластық 2023-01-31