ДІН БІРЛІГІ – ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Дін, Жас буын, Өзекті мәселе, Руханият
31/01/2023
8 Views
Жуырда біздің кітапханамызда «Сейтан ата» мешітінің имамының көмекшісі Қажмұхан Қосбаев ағамыздың қатысуымен «Дін бірлігі-ел тұтастығы» атты сұрақтар мен жауаптар кеші болып өтті.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, бойдағы рухани тазалықты сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Ислам дінін насихаттау. Жастардың өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру. Ислам діні – Жер бетіне тек тазалық пен тәртіп, адамдар арасында достық, әділдік қалыптастырушы екенін жас буынға түсіндіру.
Маңызы ерекше осы іс-шра барысында жастарға кең көлемде экстремизм және террорлық іс-әрекеттердің салдары туралы және оның мемлекетке төндіретін қауіп-қатері жайлы құнды ақпараттар айтылды. Террорлық іс-әрекеттердің туындауы және алдын алу шараларын ұйымдастырып келешек ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру, жастарды теріс ағымдарға кіріп кетпеуге, тәрбие тал бесіктен дегендей балаларды ата-анасы үй жағдайында да қадағалап отыру қажеттілігі жайлы сұрақ-жауаптар мен ой-пікірлер де айтылды
Қорытынды бөлімде XXІ ғасырда жастар интернет желісі арқылы түрлі жалған ақпараттар алып, байқаусызда түрлі жат ағымдарға кіріп кетпеулері үшін осындай іс-шаралар, кездесу кештері жиі өтіп тұру жайлы жақсы ұсыныстар айтылды. Оқушылар да шара барысында өз сұрақтарын қойып белсенділік танытты.
Д БИЛИМБЕТОВА,
Жамбыл а/о., Кеңесшіл ауылдық филиал №13 кітапхананың меңгерушісі.
Діни сауаттылық Имандылық 2023-01-31