Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ОҚУЛЫҚТАРЫН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСУІМІЗ ҚАЖЕТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ОҚУЛЫҚТАРЫН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСУІМІЗ ҚАЖЕТ

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ОҚУЛЫҚТАРЫН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСУІМІЗ ҚАЖЕТ

       Бүгінде еліміздегі жалпы білім беру мекемелерінде қазақ әдебиеті пәніне қатысты оқулықтар – аталған пәннің ұлттық ерекшеліктері мен қалыптасқан дәстүрі ескеріліп, отандық, ұлт­тық әдебиеттанушы ғалымдардан, әдіскер ғалымдардан және шығармашыл мұғалімдерден жұмыс тобын жасақтай отырып жасалуы қажет деп санаймын. Олай дейтініміз кейбір авторлар ойларын жеткізу барысында – күрделі немесе ора­­шолақ сөйлемдерді қолданатындықтан, көптеген оқушылар оқулықта не айтылып жатқанын бірден түсіне алмай жатады. Ал кейбір оқулық­тар­дың жазылу стилі тіпті шәкірттердің жас шамасына ла­йықты болмай жатады. Мұндай кемшіліктерді жоймай, оң нәтижеге жету қиын.
        Әлемде қалыптасқан түсінік бойынша қай халықтың әдебиет оқу­лығы болсын шәкірттер бірінші кезекте сол ұлттың әде­биетінде із қалдырған, тарихында белгілі бір орынға ие, ірі көркемсөз шеберлерінің шығармаларымен, әдебиет тарихындағы озық үлгілермен таныстырылуы қажет. Яғни, жас шәкірт ең алдымен қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын оқып, үйреніп, солардан эстетикалық сезімін қалыптастырып өсуі тиіс. Алайда кейбір оқулықтарда қазақ әдебиетіндегі орны әлі анықталмаған авторлардың көр­кемдігі әлсіз шығармалары енгі­зіліп, «тойдың сәнін кетіріп отыр».  Мұндай нашар туындылар оқушылардың көр­кемдік-эстетикалық талғамды, обьективті қабылдау психологиясын бұзады, нәтижеінде оларда әдебиет туралы дұрыс түсінік қалыптаспайды.
          Саннан сапаға көшу мақсатын көз­деген жаңартылған мазмұндағы оқу бағ­дарламасында «Қазақ әдебиеті» пә­ні­нің аясы тарылып, қаламгерлер мен шы­ғармалар саны тым шектеліп қал­ды. Осының салдарынан қазақ бала­лар әдебиетінің негізгі өкілдеріне мек­теп оқулықтарында аз ғана орын берілген. Бұған қосымша қарапайымнан күрделіге қарай оқытуды көздейтін бағдарлама да дұрыс жүзеге аспауда. Нәтижесінде орта буындағы балаларға кең құлашты эпикалық шығармалар, ал жоғары сыныпта шағын жанрлар оқытылуда.
        Төбедегі жайларға қосымша айтарым әдебиеттің тарихы мен теориясы сақталғанымен, сыны назардан тыс қалуда. Соның салдарынан қоғам өмірін сын тезіне алатын танымал сатириктеріміздің бірде біреуінің шығармасы оқулықтарға енген жоқ. Жоғарыдағы айтылған осындай өзекті мәселелер қазіргі «Қазақ әде­биеті» оқулықтарын жетілдіре түсу қажеттігін көрсетіп тұр.
        Қорыта айтсам, қазақ әдебиеті оқу­лығының материалдары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктелген, ғалым-мамандардың сараптамасынан өткен материалдармен толықтырылып жазылса, сондай-ақ мек­теп оқулықтарын бірнеше жыл қатарынан – оқулықты басып шығаруға маманданған, редакторлар мен корректорлар институты қалыптасқан тек бір ғана баспа шығарса, сонда оқушылар мен ұстаздарға әлдеқайда жеңіл болар еді. Әйтпесе әр жыл сайын әр баспада әртүрлі авторлар тарапынан дайындалған оқулықтардың мазмұнын түсіну  шәкірттер түгілі ұстаздардың өздеріне қиындық тудырып отырғаны жасырын емес. Мұндай жайларды алдағы уақытта болдырмау үшін, кезінде жас ұрпақты жаңаша тәрбие­леу, жаңаша білім беру мақсатында жа­зылған А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұ­мабаев, Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Н.Төреқұлов, М.Дулатов, С.Қожанов, Ә.Ермеков, Ф.Ғалымжанов, Б.Сәрсенов, И.Тұрғанбаев, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шона­нов­тар секілді танымал тұлғалардың еңбектері оқулықтар дайындау кезінде басшылыққа алынса тамаша болар еді.
Кенжегуль  АМИРБАЕВА,
№7 жалпы білім беретін мектептің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі. Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...