Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында Жетісай ауданында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы жеке қаражат есебінен Ж.Ералиев ауыл округінде құны 300 млн. теңгені құрайтын қуаттылығы 10 мың тонналық «Тұран Мақта» ЖШС мақта шикізатын өңдеу зауыты жобасы басталып, 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланса, Жетісай қаласында қуаттылығы жылына 500 мың жұп аяқ киімді құрайтын «Ұлықбек» кәсіпорыны іске қосылған болатын. Бұлардан бөлек, Асықата кентінде құны 300 млн теңгені құрайтын «Асықата гроуп» ЖШС өсімдік майын өндіру зауытын модернизациялау жұмыстары жүргізілген. Аталмыш жобалар нәтижесінде ауданға 700 млн теңге инвестиция тартылып, жаңадан 90 жұмыс орны ашылған.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2023 – 2024 жылдары құны 2,83 млрд теңгеге «Adal Agro Group» ЖШС сиыр етін өңдеу және құны 7,6 млрд теңге болатын крахмал және лимон қышқылын өндіру зауыты инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.
Сондай-ақ, Өзбекстандағы кең тараған тоқыма кәсіпорындарының тәжірибесімен танысып, мақта кластерін Жетісай ауданында да дамыту мақсатында Жетісай ауданы әкімдігі мен өзбекстандық «AgroTeksAlliance» компаниясымен құны 40 млн. евроны құрайтын қуаттылыға 7000 тонна дайын өнім шығрауға жоспарланған тоқыма фабрикасының құрылысын жүргізу келісілді. Аталмыш жобаны іске асырылған жағдайда кәсіпорынның жылдық экспорттық әлеуеті 15 – 20 млн. АҚШ долларын құрайтын болады.
Қазақстан-Өзбекстан бірлескен кәсіпорны есебінен «AgroTeksAlliance» тоқыма текстиль фабрикасының құрылысына 2024 – 2025 жылдары 20 млрд. теңге инвестиция жұмсалып, жаңадан 500 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Жалпы 2023 – 2025 жылдарға жоспарланған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ауданда, оның ішінде Қазыбек би ауылдық округінен 12,25 га, Атамекен ауылдық округінен 14,9 га., Жетісай қаласынан 15 га., жалпы 42,15 га. жер резервке алынған. Одан бөлек, отандық және шетелдік инвесторларды тартып, оларға қолайлы жағдай жасап, жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында ауданда индустриалдлы аймақ құру үшін Асықата кенті маңындағы резервке алынған 50 га. жер ауыл шаруашылық жердің мақсатынан, өндірістік санатына аустыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш аймақта іске асыруға дайын және тиімді әлеуетті жобалар тізімі әзірленген.
Ауданымызда жоғарыда айтылған жайлардан бөлек, ауданға келуші кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын іске асыруға, жоғарыда көрсетілген жерлер мен аудан көлемінде бос тұрған өндірістік ғимараттар қосымша ұсынылатын болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.