Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

       «Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет», – деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында ауыл кооперациясы аграрлық саланы дамытуға жол ашатынын айтқан болатын.
       Міне, осы мақсатта 2023 жылы пилотты жоба ретінде жүзеге асырылуы жоспарланған «Ауыл аманаты» бағдарламасын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру мақсатында құрылған облыстық мобильді топ өкілдері Жетісай ауданының Қарақай және Ж.Ералиев ауылдық округтерінде болып, шаруалармен жүздесті.
       Құрамында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Марат Айнабеков, «Оңтүстік» АИО басқарма басшысы Мұқтар Әлімханұлы, «Ырыс» МКҰ директорының орынбасары, ӘКК бөлім басшысы Жандос Нұрлыбаев, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев ат басын тіреген нысандардың бірі – «Медет Сүт» ЖШС болды. Алғашында өз қаржысы есебінен жұмысын бастаған аталмыш цех кейіннен «ОҢТҮСТІК» аймақтық-инвестициялық орталығынан 47 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Жалпы өндіріс қуаты тәулігіне 30 тоннадан 9 түрлі сүт өнімдерін өндіруге есептелген.
      Сондай-ақ, жұмысшы топ мүшелері Ж.Ералиев ауылдық округіндегі баклажан көшетін өсірумен айналысатын жылыжай жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен еркін форматта тілдесті.
      Жоба аясында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті ақпарат пен түрлі мүмкіндіктері, «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі мақсаты мен басты шарттары туралы, шаруаларға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиені алудың жолдары кеңінен түсіндірілді.
       «Жобаға ауыл тұрғындарының да қызығушылығы зор. Олар ауылда өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін болған шағын кәсіптерін дамыта алатынына дән риза. Бұл бағдарлама ауданымыздың әлеуетін, азаматтардың қандай өндірісті іске қоса алатынын айқындайды. Нәтижесінде, тұрғындардың табысын, әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруға көмектесеміз» дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...