Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
САПАЛЫ БІЛІМ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК КЕПІЛІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » САПАЛЫ БІЛІМ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК КЕПІЛІ

САПАЛЫ БІЛІМ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК КЕПІЛІ

        Әр мемлекеттің өркениеті – оның білімі мен ғылымының дамуына, кадрлардың нарықтағы бәсекелестікке лайықты болуына байланысты.  Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кезекті Жолдауында «Қазақстанның ауылшаруашылығы әлеуетін көтеру үшін елімізге жас білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауды қолға алуды тапсырамын. Ал, жоғары оқу орындары осы мамандарды сапалы даярлауына жауап беруге міндетті» дегені бәрімізге мәлім.
      Елімізде бүгінде 6293 ауылдық елді мекен бар. Ел халқының 7,7 миллионы, немесе 40 пайыздан астамы ауылды жерлерде тұрады. Бірақ, оқу бітірген жастарды ауылға тұрақтандыру, жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі әлі де күрделі болып отырғаны шындық.
      Бұл тығырықтан шығудың басты жолы – агроөнеркәсіп саласын жүйелі дамыту, елді мекендердегі инфрақұрылым жүйелерін заманауи талаптарға сай жанғырту болып табылады. Сондықтан, тұрғындарды таза ауыз су, жарық, газбен қамту, жол қатынасын реттеу, мектептер мен ауруханалар, спорт алаңдарын салу, қолжетімді байланыс пен интернет желісін дамыту сияқты мәселелердің әрқашан мемлекеттің басты назарында тұратыны заңдылық.
ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРҒА САЙ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАРЫ
        Ауыл шаруашылығын көтеру үшін осы салаға көптеп мамандар даярлау, соның ішінде бәсекеге қабілетті, инновациялық технологияларды толық меңгерген жаңа буын кадрларды оқытып-тәрбиелеуіміз қажет. Осыбағытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің алар орны ерекше. Бұлқара шаңырақ елімізде ең алғашқы ашылған жоғары оқу орындарының бірі. Құрылғаннан бергі 93 жылда 150 мыңнан астам білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына қомақты үлес қосып келеді. Мен де сол түлектердің бірімін. Осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығында ҒЗИ директоры, министр, Сенат депутаты сияқты мемлекеттік қызмет пен ғылыми саладағы еңбектерім, жеткен жетістіктерім осы университетте алған білімім мен тәжірибемнің арқасы деп білемін.
        Бүгінде заманауидамыған ең жақсы жоғары оқу орнында білім алып, нарықтағы сұранысқа лайықты мамандықтың иегері болу әрбір жастың арманы. Айта кету керек, қазіргі қазақ жастарының, әсіресе, ауыл балаларының білім мен ғылымды игеруге құлшынысы өте зор. Оны біздің оқу ордасында оқитын білімгерлерден байқауға болады. Мұндағы  студент жастардың басым бөлігі ауылдан келген түлектер.
        Елімізде бүгінде 6293 ауылдық елді мекен бар. Ел халқының 7,7 миллионы, немесе 40 пайыздан астамыауылды жерлерде тұрады. Бірақ, ондағы жастардыңқалаға кетіп жатқан үрдісі басым. Ал, жоғары білім алған жастарды қайтадан ауылға тұрақтандыру, жұмыспен қамтамасыз етумәселесі әлі де күрделі болып отырғаны шындық.
         Бұл тығырықтан шығудың басты жолы – агроөнеркәсіп саласын жүйелі дамыту, елдімекендердегі инфрақұрылым жүйелерін заманауи талаптарға сай жанғырту болып табылады. Сондықтан, тұрғындарды таза ауыз су, жарық, газбен қамту, мектептер мен ауруханалар, спорт алаңдарын салу, интернет желісін дамыту әрқашан мемлекет пен қоғамныңбасты назарында тұруы тиіс.
         Университетімізде қазіргі таңда 6 факультет жұмыс жасайды. Атап айтқанда, «Агробиология»,«Технология және биоресурстар», Инженерлік – техникалық,«Ветеринария»,Су, жер және орман ресурстарыфакультеттері,  «Бизнес және құқық» жоғары мектебі бар. Әр факультеттің өзіндік бағытарына сәйкес білім беру бағдарламалары қалыптасқан  және білім алушылар әлемдік стандарттарға сай (бакалавриат, магистратура және докторантура) үш деңгейде дайындықтан өтеді.
      Біздің университет білім беру саласындағы кадр дайындаушы жоғары оқу орны ғана емес, сонымен қатар, агроөнеркәсіп саласын дамыту мақсатында өзекті ғылыми жобаларды орындап, оның нәтижесін өндіріске енгізу, ғылыми жетістіктерді, инновацияларды құру және дамытудағы көшбасшы орталық болып табылады. Бір ғана мысал, университет ғалымдарының қатысуымен «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығы базасында дақылдардың 15 түрі бойынша 100-ден астам жоғары өнімді сорттары отырғызылып, жергілікті климаттық жағдайға бейімделді.
СӘТТІ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨТЕРЕДІ
       Қазіргі күні көптеген ауылшаруашылық өнімдерінің тұқымын, көшетін шетелден алып отырмыз. Шындығына келсек, Қазақстан осы өнімдермен өзін-өзі қамтамасыз ете алады. Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуына ықпал ету үшін, үздік инновациялық технологиялар мен жаңа білімдерді іздестіру, тарту және енгізу мақсатында АҚШ, Нидерланды, Италия, Қытай, Ресей сияқты елдермен нақты ғылыми жобалар шеңберінде ашылған 4 ғылыми-зерттеу институтын, 8 инновациялық орталықты, 49 заманауи зерттеу зертханасын, 18 халықаралық зерттеу орталығын біріктірген Агротехникалық Хаб жұмыс істейді.
   
         Университетімізде жүзеге асырылған сәтті ғылыми жобалар көп. Бір ғана мысал, университет ғалымдарының қатысуымен «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығы базасында дақылдардың 15 түрі бойынша 100-ден астам жоғары өнімді сорттары отырғызылып, жергілікті климаттық жағдайға беймделді. Тағы бірі – «UAV GROUP» жобасы. Жас ғалымдар ұшқышсыз басқарылатын, бортында арнайы сенсорлары бар аппараттардың көмегімен жерді қашықтықтан зондтау әдісін енгізді. Зерттеу нәтижесінде алқаптардың интерактивті карталары жасалынды. Бұл технологиялар фермерлерге тыңайтқыштарды, гербицидтерді қолдануды оңтайландыруға көмектеседі, дақылдардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
        Сондай-ақ, қазіргі заманғы ең озық 75 трактор, комбайн және басқа да ауыл шаруашылығы техникасымен толықтырылған Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығы, 14 зерттеу лабораториясын қамтитын Халықаралық Су хабы университет ғалымдарына халықаралық, ұлттық ғылыми жобаларды орындауға және олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге мүмкіндік берді.
         Жыл сайын университеттің 700-ден астам студенті шаруашылықтарда 7 айға дейін тәжірибенің барлық түрінен өтеді, бұл оларға инновациялық технологияларды – «шикізаттан дайын өнімге дейін» толық меңгеруге мүмкіндік береді.
        Бүгінде жүйелі жұмыстар нәтижесінде университет 9 ұлттық және халықаралық рейтингте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Қазіргі уақытта QS рейтингісінде әлемдегі ең үздік 5 мың университеттің арасында 481-ші орынды, QS Азия аймақтық рейтинг бойынша ТОП 200 үздік университеттер қатарында 162-ші, Орталық Азия университеттері арасында 5-ші орынды иеленді.
         Мақсат – 2024 жылға қарай QS-400 рейтингі бар әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университеті атану. Ол үшін білім-ғылыми  инфрақұрылымдарды кеңейту, көшбасшылық қасиеттерді, стратегиялық бастамалар мен инновацияларды ынталандыруға бағытталған тиімді менеджментті дамыту – басты назарымызда болмақ.
ТҮЛЕКТЕР АУЫЛҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ ДЕП СЕНЕМІЗ
           Алматы – жастар қаласы. Алып мегаполисте  жоғары білім алғысы келетін ұлдар мен қыздарымыз аз емес. Бұл ретте, мектепті үздік бітірушілер, пәндік олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары, талантты балалар университетімізге жеңілдікпен қабылданатынын баса атай кеткім келеді. Оқу орнында білім алушылар үшін барлық жағдайлар жасалған. 10 Студенттік үйлер әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетеді. Оқу аудиториялары заманауи қажетті техникалық құрал-жабдықтармен жаңғыртылуда. Спорт, музыка үйірмелері, әскери кафедра жұмыс істейді.
       Әрине, білім алу дегеніміз диплом алумен аяқталмайды. Ол өмір бойы жалғасатын, толыға беретін асыл қазына. Тек өз ісінің нағыз маманы ғана алған білімін, тәлім-тәрбиесін өмірде, нақты істерде қолдана алады. Түлектеріміздің өз ауылдарына барып, алдыңғы қатарлы маман ретінде елге қызмет жасауын бәріміз қалаймыз. Ол үшін жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру мәселелелерін мемлекеттік деңгейде қарастыруды, алыс аймақтарда әлеуметтік, мәдени шараларды ұйымдастыруды, спортпен айналысу мен жастардың рухани өсуін тұтас қоғам болып бірлесе ойластырғанымыз жөн.
      Бұл абыройлы міндетті жүзеге асырудың түпкі мәні – еліміздің ауыл шаруашылығын жаңа биіктерге көтеру.
Ақылбек КҮРІШБАЕВ,
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің
Басқарма төрағасы – ректоры,ҚР ҰҒА академигі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...