Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ОҢАЙ ОЛЖАҒА ҚЫЗЫҚПАҢЫЗ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ОҢАЙ ОЛЖАҒА ҚЫЗЫҚПАҢЫЗ!

ОҢАЙ ОЛЖАҒА ҚЫЗЫҚПАҢЫЗ!

      Соңғы жылдары елімізде алаяқтыққа қатысты қылмыстардың құрбаны болып жатқан жерлестеріміздің саны күннен күнге арту үстінде. Қарапайым тілмен айтқанда алаяқтық – алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау болып табылады.
      Оның бүгінгі таңда ең кең таралып жатқан түрі және өте қауіптісі – ол әлеуметтік желіні пайдалану арқылы жасалатын интернет-алаяқтық!
      Олардың арбауына түсіп қалып жатқан адамдар аз емес, оның торына кез келген азаматтың түсуі мүмкін.
      Себебі, көпшілік жағдайдаазаматтар бұл қадамға жеңіл пайда тауып, тез байып кетудіжәне өзінің проблемасын оңай шешуді мақсат етіп, соңында алаяқтың құрбаны болып жәбір шегуде.   Әдетте қылмыскерлер әлеуметтік желілер арқылы жалған интернет жарнама орналастырады немесе аккаунттар мен арнайы бет парақшалар ашып, сайт жасап алады.
     Ең жиі кездесетіндері «банк қоңырауы»! Бұл соңғы жылдары алаяқтықтың ең көп тараған түрі.
      Әрбір қазақстандық банк қызметкерлерінен қоңырау алып, ең болмағанда мұндай оқиғаны туыстары мен достарынан естіген болар.
       АЛАЯҚТАР ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕДІ?
       Ең алдымен Сіздің телефоныңызға қоңырау шалады. Қоңырау шалушы өзін банктің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырады. Телефон арқылы сөйлесу кезінде алаяқтар жеке деректеріңізді біліп алуға ​​тырысады. Алаяқтардың ақпарат алу үшін айтатын бірнеше «ОҚИҒАСЫ» бар:
        – Сіздің шотыңызда күдікті транзакциялар анықталды! Шотта күмәнді әрекеттер орын алғанын хабарлайды. Ақшаның аударылуын немесе алынуын болдырмау үшін алаяқтар жеке деректерді сұрайды. Құпиясөзді өзгертуді және өздеріне банктен келген құпия кодты жіберуді ұсынады. Ақпарат алған соң алаяқтар Сіздің атыңыздан несие рәсімдеп немесе шотыңыздан өздеріне ақша аудара алады.
        – Алаяқтар Сіздің жеке кабинетіңізге кіруге тырысады! Жалған банк қызметкерлері кедергілердің алдын алғысы келеді. Сізге қосымша орнату арқылы шоттарыңыз бен салымдарыңызды қорғауды ұсынады. Шын мәнінде, зиянды қосымшалар сіздің телефоныңызда сақталған шотыңыз, құпиясөздеріңіз туралы ақпаратты алып, деректерді алаяқтарға жібереді.
       – Шотыңыздан Сізге тиесілі ақша ұрланды! Осы сәтте алаяқтар Сіздің шотыңыздан ақша аударуға тырысып жатқаны туралы жалған мәліметті хабарлайды. Жинақтарыңыз өзіңізде қалу үшін ақшаны «Айна шотына», «Сақтандыру ұяшығына», «сақтандыру агентіне» аудару қажеттігін Сізге ұсынады. Осылайша Сізді жалған шотқа немесе тікелей алаяқтарға ақша аударуға мәжбүрлейді.
          – Акцияға қатысуды ұсынады! Көбінесе мұндай хабарламалар мессенджерлер немесе әлеуметтік желілердегі жеке хабарламалар арқылы жіберіледі. Сіз болмайтын ұтыс ойынына сілтеме жасағаннан кейін жеке және банк деректерін енгізуді ұсынады. Кейде жіберген сілтеме қызмет көрсететін банк сайтына ұқсас болуы мүмкін. Деректерді енгізсеңіз алаяқтар шотыңыздан ақша және Сіздің атыңыздан несие алуы мүмкін. Оған қоса құрылғыңызға вирус кіріп, жұмысын тоқтатуы мүмкін немесе оны алаяқтар өз мақсаттары үшін пайдаланады.
        Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.  Бір ғана мысал, алаяқтар сенімге кіру немесе алдау тәсілін пайдаланып, азаматтарды қайтарымсыз ақша бар екендігіне сендіріп, олардың жеке ұялы телефондарын алу арқылы аттарынан жеке кәсіпкерлік ашады, сондай-ақ «Kaspi Bank» интернет дүкені арқылы белгісіз заттарға тапсырыс беріп, осы берілген заттарды «kaspi bank» арқылы төлейді.  Алаяқтар есеп-шоттарына түскен ақша қаражаттарын басқа да өздерінің «Kaspi Gold» шоттарына аудару арқылы алған заттарын түрлі сипаттағы сылтаумен кері қайтарып, есеп шоттағы ақша қаражаттары болмағандықтан, жеке кәсіпкердің шотына ақша аударым жасап, жәбірленуші тарапқа кестеге сай несие рәсімдейді.  Кейін алаяқтың қайтарымсыз ақша деген сенімі жоққа шығып, жәбір шеккен азаматтармен арыздануға алып келеді.
           «Компьютер», «смартфон», «планшет»- пайдаланатын адам кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатынын ескерту керек. Сондай алданып қалған адамдардың арыздарының көбін тексерген уақытта тергеу органдарына  қылмыскерлерді анықтау қиынға соғып жатады, өйткені олар тек біздің елде емес, басқа да елдерден шыққан алаяқтар екендігі анықталып жатады.
         Тәжірибеде ақпараттық жүйені пайдаланып, алдау, арбау арқылы ақшалы болудың ең көп таралған кеңістік -ОНЛАЙН САУДА! Әсіресе сұранысқа ие «instagram», «facebook», «whatsapp» арқылы мұндай қылмыстар жиі жасалуда, онда кімнің ақ, кімнің қара екенін ажырату өте қиын.
       Киімдер, автобөлшектер, күнделікті тұрмыс заттарын сатып, талайдың ақшасын қалтасына басқан қылмыскерлер тұтынушылардың сеніміне қалай кіру керектігін ғана емес, онлайн сауданың қыр-сырын да мықты меңгеріп алған. Бұдан басқа, азаматтардың құжаттарының көшірмелерін пайдаланған интернет алаяқтар құрбандарының атынан шұғыл онлайннесие рәсімдеп, жәбірленушілер қарызға батып, ешқандай дәлелдеме ұсына алмаған соң өздері төлеп шыққан фактілер де облысымызда аз емес.
     Тергеу барысында несие рәсімделген құжаттарды иелерінің бір кездері жоғалтып алғаны не телефон арқылы «несие мәселеңіз болса шешіп беруге көмек етемін» деген бір ауыз сөзге сеніп, сөздерін растайтын ешқандай құжаттарын тексерместен, ол адамды көзімен көрмесе де, онымен келісім-шарт жасамаса да  жеке куәлігін «whatsapp»,«telegram» желілері арқылы жіберіп, артынан өкініп жүргендер де аз емес.
       Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары: дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, СМС және басқа да хабарламаларға сенбеу.
         Осы талаптарды сақтау арқылы әр адам алаяқтардан өзін қорғап жүре алады!
Мақтаарал аудандық прокуратурасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...